Жұма, 29 Наурыз 2024
Билік 5755 0 пікір 24 Сәуір, 2014 сағат 14:02

"МӘҢГІЛІК ЕЛ" ИДЕЯСЫ РЕСЕЙ ҚАЗАҚТАРЫНА ЖЕТЕДІ

«Мәңгілік ел» идеясы шекара асып, көршілес Ресейдегі этникалық қазақтарға жетпек. Мұны жүзеге асыруға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері белсене атсалысады деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 

Ассамблея төрағасының орынбасары Анатолий Башмаков жуырда өткен 21-сессия жұмысының қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында осыны мәлімдеді. Айтуынша, көрші елдің Саратов, Астрахань, Орынбор және Қорған аймақтарын аралау көзделіп отыр. Аталған аймақтарда 1 миллионнан астам қандастарымыз өмір сүруде. 

Ассамблея мүшелері сонымен қатар мемлекеттік тілді еркін меңгеру мәселесінің басты назарда тұрғанын айтты.  

Ералы Тоғжанов, ҚХА хатшылығының меңгерушісі: 

Қазақ тілін білуге байланысты Ассамблея мүшелерінің арасында бүгінде ешқандай сұрақ жоқ деп айтуыма негіз жоқ деп айта аламын. Бүгінде 1900-ден астам Ассамблея мүшелері біздің қазақ тілімізде таза сөйлеп жатыр. 423 мыңнан аса жастар мемлекеттік тіл аясында білімдері бар. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ  

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616