Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5167 0 пікір 25 Сәуір, 2014 сағат 19:04

Денис Тен: «Құламай, тұру мүмкін емес»

Өткен аптада бірқатар БАҚ-да 2014 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының жеңімпазы Денис Теннің kaspi bank kaspi bankтің жарнамалық кампаниясына қатысатыны туралы ақпарат жарияланды. Біз спортшыдан банк жарнамасына түсу мақсаты туралы сұраған едік. Олимпиада жеңімпазы «kaspi-мен ортақ нәрселеріміз көп, мысалы, күшті болуға ұмтылу, сынақтарда мұқалмау және демалыссыз, тынбай еңбек ету» , -деп жауап берді.

- Спорттағы сияқты, барлық істе чемпион болуға болады, -дейді Денис.-Чемпион болу – бұл анық мақсат, амбиция және өз мақсатыңа жету. Бұл ретте kaspi нарықтағы чемпион, оны мойындау керек. Сол үшін ұсыныс түскенде ойланбастан келістім.

- Денис, бала күніңізде спорттың түрлі салаларын, үйірмелер мен музыкалық сыныптарға қатысып көргеніңізді білеміз. Неге мәнерлеп сырғанауды таңдадыңыз?
- Қандай іспен айналыссам да, оның негізінде идея тұратын. Мен кез-келген іске тиянақты қараймын. Мысалы: менің суға жүзуге баулыған жаттықтырушым «қажетті талаптарға сәйкес емеспін» деп ойлағаныма қарамастан кәсіби жарыстарға дайындай бастады. Жаттықтырушы менен жеңуге деген талпынысты байқады. Тура осындай жағдай теннисте де болды. Алайда, мәнерлеп сырғанауды спорттың басқа түрлеріне қарағанда бірден ұнаттым. Өйткені ол би, акробатика, музыканы біріктіреді. Менің бойымда әрқашан атлеттің рухы бар. Жылдамдықты, адреналинді ұнатамын, сондықтан мәнерлеп сырғанаушы боламын деп шештім.

- Алғашқы жаттығуыңыз есіңізде ме?
-  Иә, мұз алаңына келгенімді ұмытқан жоқпын. Біреу мені мазақтап, мен оның артынан конькимен қуғанмын (күледі). Осылайша сырғанауды үйрендім. Сол күні мұз айдынында сегіз сағат бойы сырғанадым.

- Спортты тастағыңыз келген кездер болды ма?
-  Қатты шаршап, жаттығуға барғым келмеген кездерді есіме түсіре алмай отырмын. Меніңше, балалар жаттығуды рахаттану деп ұғады. Балаларда энтузиазм көп, олар еңбекқор, қызыққыш болады. Егер бала шаршадым десе, оған оның айналысып жүргені қызық емес болуы мүмкін. Мүмкін, оған басқа нәрсені таңдауға мүмкіндік беру керек шығар.

- Денис, көптеген санаттар бойынша біріншісіз. Мемлекет алдында, өзіңіз үшін жауапкершілік жүгін арқалап жүру қаншалықты қиын?

- 11 жасымнан маған сен мұз айдынына бүкіл ел үшін шығасың деп ұғындырды. Уақыт өте келе бұл жауапкершілік өсе түсті. Қазір мен 20 мыңнан астам көрермен отыратын мұз айдындарында өнер көрсетемін. Ойлаңызшы, спортшы мұз айдынына шыққанда, қалың көрерменнің назары түседі. Әрине, мұндай минуттарда қатты толқисың. Маңыздысы өзіңді дұрыс қалыпта ұстай білу. 15 жасымнан бастап барлық әлем чемпионаттарына қатысып жүрмін. 20 жасыма дейін екі Олимпиадаға қатыстым. Бірақ, жас мөлшеріме қарап, әлі үйренетінім көп екенін түсінемін. Көрермен алдына шығу– бұл өнер және барлық спортшыларда толқумен күрестің өзіндік тәсілі бар. Біреулер жаяу жүріп сергісе, біреу тыныштықта болғанды қалайды. Меніңше, адам өзімен тіл табыса білсе, табысты бола түседі.

- Сіз жеңімпаз болған турнирлердің бірінде жоқ мемлекеттің өкілі деп атады. Бұл сізге қалай әсер етті?
- Мұны спорттағы өте құрметті бір адам айтты. Сол кезде өзіме Қазақстанды бүкіл әлем білуі керек деп уәде бердім. Қазір, еліміз үшін бойымды ерекше мақтаныш сезімі билейді. Бұл адаммен біз жарыстарда кездесіп қаламыз, бірақ, енді ол мені тек жеңістеріммен құттықтайды.

- Өкінішті жеңілістерді өткеруге не көмектеседі?
-  Майкл Джордан айтқан: «Спортық мәнсабымда 9 000 рет допты шеңберге сала алмадым. 300 ойында жеңілдім. 26 рет маған айып добын салуды жүктеді, бірақ мен команданың үмітін ақтай алмадым. Қайта-қайта жеңіле бердім. Бірақ, осы жағдайлар мені ширықтырды, жеңіске жетеледі». Бұған қосатыным, құламай, тұрмайсыз. Жағдайды бағамдай алуыңыз сіздің кім екеніңізді анықтайды: жеңімпазсыз ба әлде жеңілушісіз бе?

Менің өмірімде өкінішке толы жеңілістер көп болды. Әсіресе, Америкаға кеткен кезеңім өте ауыр болды. Сол кезде мен үлкен тәуекелге бардым. Спортшылардың ел ауыстырып, жоқ болып кететін оқиғалары көп қой. Мен тіл білмедім, достарым, үйім де, көлігім де болған жоқ. Жергілікті халықтың салт-санасын түсінбедім. Туған-туыстарыма бару мүмкіндігі болмады, қаржылық қиындықтар болды. Бұл аса жауапты жыл болды. Америкада сырғанау техникасын өзгерте бастадым және бұдан кейінгі бірінші жарыстар «апаттық» жағдайда өтті. Дәл сол кездегідей нашар сырғанап көрмеппін. Бірақ, бәрін нөлден бастауға тура келді. Нәтижесінде бәрі мен ойлағандай болды. Қазір нәтижесін жаман емес.

- АҚШ-қа не үшін кеттіңіз?
- Менде ол жаққа «америкалық арманды» қуып барғам жоқ. Жаттықтырушым үшін баруға тура келді. Біраз уақыт маған шабыт беретін адам іздедім. Фрэнк Кэролл мен іздеген адам болып шықты. Оның арқасында мен кәсіби спортшы болып шықтым. Оның көмегімен спортты қайта бастадым деуге болады. Егер ол адам Талдықорғанның алыс ауылында тұрса, сол жаққа баратын едім.

- Анаңыз ылғи қасыңызды жүреді, отбасыңыздың басқа мүшелері туралы айтыңызшы.
- Отбасым менің жетістігім үшін жұмыс істейтін командаға айналды. Әкем әрқашан көрінбеуге тырысады. Ол отбасымыздың іргетасы. Біздің отбасымыз шығыстық отбасы: әкем жұмыс істейді, анам балалардың тәрбиесімен айналысады. Әрқайсысы өз қызметін табысты атқаруда. Өзімнен үлкен ағам бар, ол кәсіпкерлікте бағын сынап жүр. Өте жан-жақты адам. Отбасымызда екеуміз туралы «Біреу-спортшы, біреуі-ақылды» деп қалжыңдайды.

-Үлкен спорттан кеткен соң, немен айналысатыныңызды жоспарладыңыз ба?
- Көптеген спортшылардың қателігі спорттық мансабы аяқталған соң, өмір аяқталғандай болады. Мен басқаша ойлаймын, болашақты қазірден жоспарлаудамын. Мәнерлеп сырғанаудың қыр-сырын түгел білетіндіктен, қазақстандық балаларға басқалар үйрете алмайтын сабақ беруге дайынмын. Білгенімді пайдаланбау ақылға қонымсыз болады. Қазірдің өзінде жыл сайын балаларға шеберлік сыныбын өткізіп тұрамын. Олардың жігерін жанып, бір жылға-келесі жылы өтетін шеберлік сыныбына дейінгі аралыққа тапсырма беруге тырысамын. Болашақта спорт академиясын ашу мүмкіндігі туып қалар.

- Жақын арада қандай жоспарларыңыз бар?
- Көктемнің соңына таман мұз айдынындағы шоу өткізбекпіз. Ол жерге жаңа бастаған спортшылар мен мүгедек балаларды шақырамыз.

 - Ақшаңызды қайда инвестициялайсыз?
- Мен білім жетілдіруді дұрыс деп санаймын. Болашақта өз кәсібімді ашқым келеді. Бірақ, басты инвестиция мен үшін – білім. Спорттық мәнсабым аяқталған соң, айналысуға тырысамын.

- Неге kaspi-ді таңдадыңыз?
- Өйткені kaspi –  ең қолайлы банк. Қазақстанның барлық өңірінде филиалдары бар. Менің әкем біздің отбасымызда kaspi салымшысы болған бірінші адам. Банк уақыт пен сынның тезінен өткен, тек қана өсуде, сондықтан оның сенімділігіне күмйнім жоқ. Біздің ұқсастығымыз, демалыссыз жұмыс істейтіндігімізде. Көптеген адамдардың дүйсенбіні ұнатпайтынын білемін. Бірақ, мен өз ісімнің табынушысымын. Демалыссыз жаттығамын. Kaspi-де солай жұмыс істейді.

Сұхбаттасқан Ерлан Есенгелді

Абай-ақпарат

0 пікір