Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5356 0 пікір 28 Сәуір, 2014 сағат 18:11

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ: ҚАЗАҚША ҮЙРЕНЕМІЗ

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында «Soyle.kz»-мен бірге қазақша үйренеміз" атты фотобайқау жарияланады

Мемлекеттік тілді дамыту қоры барлық қазақстандықтарды  «Soyle.kz»-мен бірге қазақша үйренеміз" атты фотобайқауға қатысуға шақырады. Байқаудың мақсаты қазақстандықтардың мемлекеттік тілді үйренуін ынталандыру. Ең үздік фотосуреттер www.soyle.kz  интернет-порталының бас бетіне қойылады. Байқау талаптары бойынша қатысушылар порталдың презентациялық бөлігіне иллюстрация ретінде қоюға өз фотосуреттерін жіберуі керек. Байқау туралы қосымша ақпаратпен Soyle.kz порталында, Қордың ресми сайтында - qazaq-found.kz, ВКонтакте – vk.com/soyle_kz және Facebook прақшаларында -  on.fb.me/1mIhFZR  танысуға болады.

Еске сала кетсек, өткен жылдың аяғында Қор Қазақстанда тұңғыш рет қазақ тілін онлайн режимінде тегін үйрететін «SOYLE.KZ» порталын іске қосқан болатын. Ашылғалы төрт айдың ішінде порталмен еліміз бен алыс-жақын шетелдерден 70 000  астам адам танысып, 8 000-ға жуық пайдаланушылар тіркеліп, қазақша үйренуге кірісті. Фотобайқау өзіңді Қазақстан мен бүкіл әлемге таныстырудың керемет мүмкіндігі.

Жеңімпаздарға белгілі жазушылардың қазақ тіліндегі аудиокітаптары сыйлыққа тартылады.

Фотосуреттер  2014 жылдың 1-мамырынан 1-шілдесіне дейін қабылданады.

Мемлекеттік тілді дамыту қорының

баспасөз қызметі. Тел: 74-29-09, e-mail: info@qazaq-found.kz

Абай-ақпарат

0 пікір