Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4588 0 пікір 29 Сәуір, 2014 сағат 11:58

"ЕУРАЗИЯЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ КҮНІН ЖАРИЯЛАУДЫ ҰСЫНАМЫН"

РФ – на ресми сапармен барған Президент Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақты құру бойынша келісімге қол қою күні деп жариялау туралы ұсыныс айтқан.

Өз сөзінде Президент: «Астанада Еуразиялық экономикалық одақты құру бойынша келісімге қол қою күнін Еуразиялық интеграция күні деп жариялауды ұсынамын. Біздің жоспарымыз бойынша бұл қол қою рәсімі биылғы жылғы мамырдың аяғында өтуі тиіс» - деп атап өткен.

Мұндай ұсынысты Н.Назарбаев М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде еуразиялық интеграцияның жаңа перспективалары тақырыбындағы дәрісі барысында айтты деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Абай-ақпарат

0 пікір