Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 8135 0 пікір 30 Сәуір, 2014 сағат 13:24

АҚОРДА МАҢЫНАН ММУ ФИЛИАЛЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР

М. Ломоносов атындағы ММУ-дің қазақстандық филиалына Ақорда маңынан  жаңа ғимарат салынуда деп хабарлайды ҚазАқпарат.  Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте М. Ломоносов атындағы ММУ қазақстандық филиалы директорының орынбасары Сабина Аязбекова мәлім еткен. Ол өз сөзінде: «Мемлекет басшысы Ақордаға жақын жерден М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалы үшін ғимараттың құрылысына жер телімін бөлгізді. Биыл біздің студенттер жаңа жатақханаға қоныстанып, жақын арада оқу ғимараты салынады деп үміттенеміз» - деген.

 

Абай-ақпарат

0 пікір