Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2019
Жаңалықтар 3935 0 пікір 30 Сәуір, 2014 сағат 13:47

ОБАМА: МЕН ҮШІН ДҰҒА ЕТІҢІЗ

«ҚазАқпараттың» хабарлауынша  Малайзиядағы Ұлттық мешітке табан тіреген АҚШ президенті Барак Обамадан жергілікті имам "әлемдегі мұсылмандарды езіп-жаншуды тоқтатсаңыздар..." деген өтініш айтқан.  Ақ үй басшысын 25 минут бойына мұсылман ғибадат үйімен таныстырған имам Исмаил Мұхаммадтың жоғарыда аталған өтінішіне Обаманың жауабы "Мен үшін дұға етіңіз..." болыпты. Өтінішке өтінішпен шыққан АҚШ президенті сөзінің соңында әр күн сайын әлем мұсылмандарының арасындағы зорлық-зомбылық пен қақтығыстарды тоқтатуға уақыт бөлетінін баса айтқан.

Абай-ақпарат

0 пікір