Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 14039 0 пікір 5 Мамыр, 2014 сағат 11:31

6-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ ЕЛБАСЫҒА ХАТ ЖАЗҒАН

«Елбасының атына Астана қаласындағы №2 мектеп-гимназия оқушысы Александр Влизькодан хат келді» - деп жазды Tengrinews.kz. Миллиондаған баланың атынан Президентке алғыс айтқан хат қазақ тілінде жазылған.   6- сынып оқушысы жазған хат мазмұнында Елбасыға елорданы Астанаға көшіргені үшін алғысын білдіріліп, соның арқасында көптеген оқу орындары ашылғанын, онда түрлі ұлттардың өкілдері оқитыны жеткізілген.

"Рас, менің тегім сәл басқа. Мен украин ұлтының өкілімін. Бірақ мен өзімді бала күнімнен қазақпын деп сезінемін. Қазақпын деп есептеймін. Себебі мен бірлігі мен татулығы, достығы мен туыстығы жарасқан Қазақстанда өсіп келемін. Бұл жер – менің әкемнің кіндік қаны тамған мекен. Бұл жер – менің анамның өмірге келген қонысы. Менің сүйегім де, етім де - қазақ. Мен Қазақ жерінде туғанымды мақтаныш етемін - депті Александр хатында.  Сондай-ақ Оқушы Қазақстанның болашағына сенетінін, осы ел үшін қызмет етуге дайын екенін де айтқан.

Абай-ақпарат 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2276
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3593