Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3527 0 пікір 26 Сәуір, 2010 сағат 07:08

ІІМ Қырғызстанмен шекарада көп көлемде қару-жарақ жиналып қалғанына алаңдаушылық білдірді

Астана. 26 сәуір. ҚазТАГ - Дина Ермағанбетова. ҚР ішкі істер министрі Серік Баймағамбетов Қырғызстанмен шекарада аса көп көлемде атыс қаруы жиналып қалғанын атап көрсетті.

«Көрші мемлекетпен шекарада көп көлемде қару жиналып қалды. Сондықтан оның Қазақстан аумағына әкеліну қаупі бар», - деді ол дүйсенбі күні парламент мәжілісінің ІІМ-де өткен көшпелі үкіметтік сағаты барысында депутаттардың сұрақтарына жауап беру барысында.

«Қазақстанмен шекарада жиналып қалған-мыс деген қару-жарақ пен есірткі еліміздің аумағына түсіп жатқан жоқ. Шекара әскерлері, полиция және ішкі әскер жасақтары шекараны толығымен бақылауда», - деп сендірді министр.

Ол Қырғызстанда болған соңғы оқиғаларға байланысты Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы біздің республикамыздың азаматтары ғана өткізіліп жатқанын жеткізді.

«Бүгінгі күні еліміздің оңтүстік шекарасындағы криминогендік жағдай тұрақты, қоғамдық тәртіпті бұзу оқиғалары тіркелген жоқ. Көрші мемлекеттегі қоғамдық-саяси ахуал тұрақтанбайынша, біз күшейтілген режимдегі жұмысымызды жалғастыра береміз», - деді ІІМ басшысы.

0 пікір