Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5133 0 пікір 5 Мамыр, 2014 сағат 13:32

"БАТЫРЛАРДАН ӨНЕГЕ" САЙЫСЫ ӨТТІ

 2014 жылғы 24 сәуірде Астана қаласының № 2 Қосшы орта мектебінде Мемлекеттік тілді дамыту қоры  «Алдаспан» қоғамдық қорымен бірлесіп, Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күніне арналған «Батырлардан өнеге» атты 5-10 сынып оқушылары арасында батырлар жырларын мәнерлеп оқу сайысын өткізді.

Байқаудың мақсаты өскелең ұрпақтың бойына батыр бабаларымыздың ерлік дәстүрлерін, рухани-парасаттылық, патриоттық құндылықтарын қалыптастыру, мемлекеттік тіліміз бен төл тарихымызды құрметтеуге баулу, оқушылардың көркем сөйлеу шеберлігін арттыруға ықпал ету және отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сайысқа қатысушылар «Алпамыс батыр» жырынан үзінділер жатқа айтумен қатар арнайы сахналық көріністер көрсетті.

Қазылар алқасының шешімімен үздік нәтижеге 4-5 және 6-7 сынып оқушылары арасында Қазтай Абдуррахман мен Тоқболат Ақманат қол жеткізсе, екінші орынды Такерова Насихат пен Абишева Мадина, ал үшінші орынды Мандыбекқызы Мөлдір мен Тұрдыев Мади иеленді. 9-10 сынып оқушылары арасында сахналық көріністе бірінші орынға  №67 гимназия мектебі және екінші орынға   №2 Қосшы орта мектебі ие болды.

Байқау жеңімпаздары Қордың арнайы дипломдары мен сыйлықтарына ие болды. 

АБАЙ-АҚПАРАТ

0 пікір