Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 6950 0 пікір 8 Мамыр, 2014 сағат 12:09

КИЕВТЕ ЖЕҢІС КҮНІ ӘСКЕРИ ПАРАД БОЛМАЙДЫ

Киевте арандатушылықтың алдын алу мақсатында әскери техникалар парады өтпейтін болды. Bnews.kz-тің хабарлауына сай  9 мамырға жоспарланған ардагерлердің мерекелік шеруі де өткізілмейді.  Бұл туралы КҚМӘ басшысы Владимир Бондаренко :«Біз бірқатар саяси ұйымдармен және ардагерлер ұйымдары өкілдерімен кеңесе келе, арандатушылықтың алдын алу мақсатында биылғы жылы көпшілік шараларды өткізбеуге келістік. Мемлекет басшысының қатысуымен Даңқ алаңындағы Мәңгілік алаудың оты жағылады. Бірақ ешқандай марш пен әскери техникалар парады өткізілмейді. Кешке дәстүрлі отшашу болады», - деп мәлімдеген.
Оның сөзіне қарағанда, Жеңіс күніне арналған шаралар аудандар мен мұражайларда өтеді, сондай-ақ барлық ескерткіштерге гүл шоғы қойылатын болады. 
Айта кетейік бұрынғы Кеңестер республикалары жыл сайын жеңіс күніне арнап әскери шерулер өткізіп тұрады.

 

Абай-ақпарат

0 пікір