Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 7372 0 пікір 8 Мамыр, 2014 сағат 12:12

ҚАБАНБАЙ БАТЫРҒА БІР ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ

7 мамыр отан қорғаушылар күні қарсаыңында Өскемен қаласында көрнекті қазақ қолбасшысы Қабанбай батырға ескерткіш орнатылды  деп хабарлайды Baq.kz.  Даңқты батырдың ескерткішінің ашылуына ҚР Мәдениет министрлігінің өкілдерімен қатар Несіпбек Айтұлы, Секен Тұрысбеков, Ұлықбек Есдәулет тәрізді қоғам қайраткерлері қатысқан. Биіктігі 6 метр болатын қоладан құйылған ескерткішке 105 млн теңге көлемінде қаражат жұмсалған. Қаракерей Қабанбай, Дарабоз (XVII ғ. соңы – XVIII ғ. орта шені) - Қазақ тарихында айтулы орны бар батыр. Азан шақырып қойған аты – Ерасыл(жазушы Мұхатар Мағауин Қабанбайдың аты Ізбасар деген дерек келтіреді.).

XVIII ғасырда жоңғар басқыншыларына қарсы күрестің бел ортасында жүрген қолбасшылардың бірі. Халық арасында оны Қаракерей Қабанбай деп атаған.
1717 жылы Аягөз шайқасында ерекше көзге түсіп, Қабанбай батыр атанады. 1723 жылы Түркістан қорғанысына, 1726 жылы Бұланты шайқасына, 1730 жылы Аңырқарай-Алакөл шайқасына, кейін Шыңғыстау, Ертіс бойындағы шайқастарға қатысып, Абылай ханның бас батырларының біріне айналады.
1741 жылы Шыңғыстаудағы Шаған шайқасында ақбоз атпен топ жарып, жауға шапқаны үшін Дарабоз атанады.
1751 жылы Арқадан Оңтүстік Қазақстанға – Ханбаба (Барақ сұлтанның үлкен ұлы) жорығы жасалады. Ұлы жүз жасағын өзіне қосып алған 2 түмен қазақ әскері, Сыр бойы, Шымкент, Сайрам, Ташкент қалаларын жоңғарлардан тазартып, Ташкентте Төле бидің билікке келуіне көмектесті. Шыршық өңірінде Жоңғарияға айдалып бара жатқан бірнеше мың қарақалпақты құтқарып қалады.
Батырдың жары Гауһар да айтулы батыр болған.

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3606