Жұма, 29 Наурыз 2024
Қоғам 6470 0 пікір 9 Мамыр, 2014 сағат 06:57

ҚЫТАЙ ЖҰМЫСШЫЛАРЫ КЕШІРІМ СҰРАДЫ

Санаулы күндер бұрын ғана қытайдағы қандастарымыздың басына келген жағдай туралы алғашқы болып жазған едік. Үрімжі қаласы маңындағы жол жөндеуші жұмысшы қытайлар бірнеше қазақ отбасының өздеріне тиісті жер телімдеріне ешқандай рұқсатсыз, ескертусіз құрылыс жүргізген. Кедергі келтірмек болған қандастарымызға қытай жұмысшылар әңгір таяқ ойнатып, қыз демей, бала демей, бірнеше кісіні соққыға жыққан. Ұлан есімді қазақ баласын қуалап жүріп сабап, «Бұлар иесі жоқ, тауда жүрген мал, өлтіріп тастасақ та ешкім іздемейді. Құнын төлеп құтыламыз» деп бүкіл қазақты қорлаған еді.  Қазақ мүддесін ту етіп көтерген ақпарат құралдары жұмысшы қытайлардың өрескел ісін айыптап,  екі елдегі жоғарғы орындардың араласуын талап еткен болатын. Кеше ғана бассыздық әрекеттерге барған жұмысшы қытайлардың басшылығы  төмендегі ресми кешірім сұрау хатын жариялады:

Үрімжі қаласы шығыс айналма жоғарғы жылдамдықты трассасы құрылысы барысындағы зардап тартушылардан кешірім сұрау хаты

Құрметті жараланушылар және туыс-туғандары:

Ұжымымыз (Жұң жияу тобы екінші құрылыс бригадасы) Үрімжі қаласы шығыс айналма жоғарғы қарқынды трассасының  екінші жол бөлегі құрлысын жүргізу барысында жұмысшыларды басқарудың босаң болу себебінен, жұмысшыларымыз заңсыз түрде жергілікті тұрғындарды ұрып жазалау оқиғасын келтіріп, тұрғындардың ішкі дүниесіне ауыр жарақаттар қалдырды. Сондай-ақ қоғамдық ортада нашар әсер қалтырды. Біз шын ниетімізбен жараланғандардан және туыс-туғандарынан кешірім сұраймыз. Және біз белсенді түрде емханалармен селбесе отырып, жараланғандардың жақсы емделуіне және зиянға ұшыраған мал-мүліктеріне толықтай төлем төлеуге уәде береміз. Сондай-ақ қауіпсіздік органдарының аталған уақиға бойынша заң аясында тексеріс жүргізуіне көмек көрсетеміз. Бұдан кейін құрылыс жүргізу барысында әр қандай заңсыз әрекеттер тудырмауға кепілдік етеміз. Сөз соңында тағы бір рет жараланғандардан шын жүрегімізден кешірім сұраймыз.

-          Жұң жияу тобы екінші құрылыс бригадасы.  08.05.2014

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610