Жұма, 29 Наурыз 2024
Қоғам 12125 0 пікір 10 Мамыр, 2014 сағат 17:53

АСТАНА ГЕОРГИЙ ЛЕНТАСЫНАН БАС ТАРТТЫ

 

Жеңіс күніне арналған кешегі  шарада Астаналықтар Георгий лентасынан бас тартып, ұлттық оюмен безендірілген суреттегідей лента тағынды. Бұрынғы КСРО құрамында болған мемлекеттер үшін соғыс құрбандарын еске алып, жеңіс күнін атап өту қалыптасқан дәстүр. 2005 жылдан бері жеңіс күнінде бірге дәріптеліп жүрген Георгий лентасының анығында екінші дүние жүзілік соғысқа ешқандай қатысы жоқ. Георгий лентасының тарихы  1769 жылы 7 желтоқсанда Ресей патшайымы Елизавета ІІ енгізген 4 дәрежелі даңқ  орденімен байланысты. Бұл орденмен 1917 жылға дейін орыс патшалығы   әр түрлі шенділерді марапаттап келген. Соның ішінде, Орта Азияны жаулап алғандарды  да осы орденмен марапаттаған. Кейін Патшалық үкімет құлаған соң, бұл белгіге Кеңес үкіметінің өзі тыйым салған еді.

Ресей үкіметі болса Георгий орденін 2000 жылы қайта жаңғыртты. Георгий лентасы Ресейдің әскери рәмізі іспетті. Тәуелсіз елдің ұрпақтарына империялық нышанды жеңіс күнінде жалаулата тағып жүру  көңіл қынжылтатын жағдай.  Ресейдің отарлау саясатында мемлекеттік рәміздерінің алдыңғы қатарда жүретінін Қырымдағы жағдайдан жақсы білеміз. Қырым халқына «тәуелсіздіктің әнін» айтқызар алдында  Ресейшіл күштер бір ақ күнде Ресейдің жолақты туын көтеріп шыға келген еді. Астана қаласының әкімдігі жарады! Георгий лентасынан бас тартып, ұлттық ою-өрнекпен безендірілген мынандай лента жасап, игі бастама көтеріп отыр. Осындай кішкентай ғана символикалық дүниенің өзі көп мәселенің басын қайырады. Саясат тек қитұрқы әрекеттер мен сызылған дипломатия арқылы ғана емес, мынандай қарапайым мата арқылы да жасалады. Еліміздің басқа өңірлері де Астананы үлгі етуі тиіс. Екінші дүниежүзілік соғыста шейіт болған аталарымыздың рухтары пейіште шалқысын, майдан даласынан аман қайтып, ортамызда жүрген ардагерлеріміз аман болсын!

 

Нұрғали Нұртай

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610