Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4558 0 пікір 11 Мамыр, 2014 сағат 15:50

АҢЫЗ АДАМҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Бүгін Алматыдағы мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотта «Аңыз адамның» ісі қаралды. Сот шешімі бойынша «Отбасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (ЖШС) мен оған қарасты «Жұлдыздар отбасы – Аңыз адам», «Жұлдыздар отбасы» және «Жұлдыз жорамал» журналарының бас редакторы Жарылқап Қалыбайға жиыны 120 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы «Азаттық радиосы» хабарлады.   Жарылқап Қалыбайдың 222 мың 240  теңге айып ақша арқалауының себебі аталған үш журнал биыл, 2014 жылы ақпан айындағы нөмірлерінде БАҚ туралы заңның 15-бабының бірінші бөлігіндегі талабын орындамаған деп көрсетілген. Яғни «журналды басқан баспахананың мекен-жайы көрсетілмеген. Журналға байланысты талап-арызды Алматы қалалық ішкі саясат басқармасы түсірген. Естеріңізге салатын болсақ биыл сәуір айынан бастап Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен елде «Шағын және орта кәсіпкерлікті тексеруге мораторий» жарияланған еді.

 

Абай-ақпарат

 

0 пікір