Жұма, 29 Наурыз 2024
Қоғам 7763 0 пікір 12 Мамыр, 2014 сағат 10:34

9 МАМЫР: ОРАЛДЫҚТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА РЕСЕЙ ТУЫ ЖЕЛБІРЕДІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІНІҢ НАЗАРЫНА!

7 мамыр күні тайлы-тұяғымызбен әскери шеру өткізіп әлемге көрсетіп, мәз болдық. Не үшін? Мемлекеттің иесі екенімізді көрсету үшін, тәуелсіздікті паш ету үшін, мемлекетті қорғауға әзір екенімізді айналаға ұқтыру үшін!

Ал 9 мамыр күні Қызылжар қаласында есірген азаматтар жеңіл автокөлік шеруін рұқсатсыз өткізіп, тарихта қалған, егемен Қазақстанның тәуелсіздігін аяқасты еткен қызыл империя жалауын оңды-солды желбіретсе,

Оралда да автошеру жасаған белгісіз топ Ресейдің туын жалаулатып көшеге шықты. Бұл екі оқиғаны да тоқтатуға ешбір мемлекеттік органның батылы жетпеді...

Егер де осының орнына рұқсатсыз ел азаматтары митингіге шықса не болар еді? Осыған сәйкес заң бұзылған болып, қатысушылар қамаққа тоғытылар еді... Олар егемен елдің конституциясына сәйкес өз құқығын паш етсе де... Ал мына мемлекеттік тұтастығы мен Тәуелсіздікке қарсы акцияға қарсы 7 мамырда шерулеткен күштік құрылымның бір де бірі неге тырп етпеді? Неге Қазақ елінің заңы бұндай бассыздықты жібермейтіндей бап қарастырмады?

Сонда егемендіктің құны қанша болғаны? 5-6 автокөлік шеруінің шаңына да татымайтын болғаны ма?

Сырым Дат

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616