Жұма, 29 Наурыз 2024
Билік 9584 0 пікір 12 Мамыр, 2014 сағат 15:40

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» – РУХЫ БИІК ҰЛТ БОЛУ

«Бір ел іштей өздерін өзі өзгертіп түземейінше, Алла ондай елді өзгертпейді», дейді Құран кәрімде. Бүгінгі бауырлас ұлттар Украина мен Ресейдің қасарысқан қарсылық соңы қарапайым халықтың иммунитетін әлсіретіп, рухын түсірді. Олардың бұл жағдайда «мәнгілік ел» болуы екі ұдайлы сұраққа қалды…   
Қазақ… Тәубә, аманбыз!!! Бірақ кешегі Қаз дауысты Қазбектің тыныш жатқан, басынан сөз асырмаған елі, бұл күнде үнсіздік аралында жүргендейміз. Ұлттық Рух әлсіреген. Ұлттың феномені ескірген, тосығы жеткен сынайлы. Бүгінгі биліктің парасат-пайымы ұйқылы, тексіздік жайлап теңселгендер… Оларға бүгінгі қазақ елінің «Мәңгілік  ел» болу идеясы -  жеті ұрпағының баянды өмірі, басы-байлықты аңсауы.  Бірақ ұлттың ұйытқысы ел зиялылары мен ел басшылары. Бүгінгі байтақ еліміздің ұлаңғайыр атырабы мен тұнған байлығын қалдырған бабалар аманаты да – «Мәнгілік ел» идеясы.  Иә, біздің қазақ елі егеменді ел болғалы бері талай белестерден асып, сан биіктерге Алланың қалауымен қол жеткізді. Әйтсе де, қазіргі таңда еліміздің жарқын болашағының алдында бөгет пен қауіп тұр. Ол ұлттың әлсіреген рухы мен иммунитеті, өгізге аян -  ана тіл тағдыры, халықтың үнсіздік феномені. Алла жарылқаса, ол бөгет пен қатерден асып өтерміз. Ертеңі бітпес еліміздің ол мүмкіндіктерден қай күні өтері белгісіз. Бірақ Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұлт руханиятының көпіріне жарқын идея тастады. Ол «Қазақ елі» немесе «Мәңгілік ел»    
Міне еліміздің тәуелсіздік алғанына 23 жыл уақыт толып отыр. Жиырма үш жыл аз ғана уақыт емес, алаш арыстары орда бұзар отыз жасына жетпей қаншама құнды еңбектер мен ұлт руханиятының мұрасын жасады. Бірақ, бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның жетістігі олардың жасаған еңбектерінің жемісіне де тати алмады. Қатты айтқаныма ренжімеңіздер. Осының бәрін айту «Мәңгілік елдің» азат ойлы азаматының парызы. Қазақстанның да азғана уа¬қытта ғасырға татитын жетістікке жетіп, еліміз дамудың сара жолына түсіп, ТМД елдер арасында эко¬номи-калық, саяси даму жағынан көшбасшы елдер қатарында келе жа¬тыр. Тіпті Түркі тектес мемлекеттер арасында да біздің бедел дәрежеміз бір саты ілгері. Бірақ қоға¬мымыздың әлеуметтік саласы мен ұлттың жеткен жетістігімен бүгінгі күні әлемдік сахнаға көтерілу мүмкін емес. Оны Еуромайдан отаны Украина дәлелдеді.  Украинаның күш-қуаты, экономикалық жетістігі, халқының әлеуметтік жағдайы нашар деп кім айтты. Украина әлемнің алпауыт дамушы мемлекеттерінің бірі. Бірақ бүгін кім болып отыр… Жеңіліс тапты… Африкадағы Египеттің күйін кешті… Тіпті олардың ұлттық рухы оянбады деп те айта алмайсың.  Халық жеңілмеу үшін барын салды. Күрестің соңына дейін жанкешті ерлік көрсетті. Украина халқының азаттығы жолында, бабалар аманатын қорғауда аянбады… Әттеген-айы, биліктегі азаматтары мен басшылары орыс тілді… Олардың бойында Украина ұлтының рухы емес, орыстың жалған Жириновскийларындағыдай рух болды. (Жириновский еврей ұлтынан) Сондықтан «Мәңгілік ел» құру үшін қазақ елі ойлануы керек. 
Бүгін халқымыз «Мәңгілік ел» болу жолында бабалар аманатын ешқашан ұмытпауы мүмкін. Бірақ биліктегі марғасқаларымыз - Әлихан мен Абылай хан болса жақсы еді. Олардың үндері жарқын шығып, ұлттық идеялары айқын болса, біз ешкімнен қорықпай «Мәңгілік ел» орнатуға болар еді.  Орыстың жазушысы Достоевскийдің: «Асқақ идеясыз адам да, ұлт та өмір сүре алмайды» деген нақыл сөзі еріксіз ойға оралады осындай да. Ал ұлттық идея – ұлттың шынайы немесе болашаққа ұмтылыстарын, оның жетістіктерін адамдардың санасында бейнелейтін ұғым.. Мәң¬гілік Ел – мемлекеттің құдіретті¬лігінің, күштілігінің белгісі. «Еліміз мәңгі, тәуелсіз күшті мемлекет» деген ұран халықтың рухын оятуы керек. Жаһан¬дану заманында күшті ел ғана жұтылып кетпей, өз елдігін сақтап қалады. Тек біздің Елбасымыз, «Мәңгілік ел» идеясын жолында ұлттық идея құрып, ол мәселені бір күнде шешуге жағдай жасау керек. Халық Елбасының дұрыс қадамына мүлтіксіз, риясыз қадам жасай алады.

P.S. ...Ұйықтап жатқан Азамат әлі оянар емес... Кенет тәтті ұйқыда, түс көріп жатқан жас баланы,  Сашка досы айғайлап оятты. Түсінде: «Елбасы жаңа жарлыққа қол қойып жатыр екен. «Қазақ тілінде сөйлеп, жаза алмайтын шенеунік биліктен қысқартылады(...) Солтүстік, шығыс, орталық аймақтарымыз 100 пайыз қазақылануды қолға алмаса, сол өңірлердің  әкім-қаралары бірден жұмысынан айырылады(...) Мемлекеттің байлығын ұрлап, жеті ұрпағына байлық қалдыруды аңсаған жемқорлар бірден ату жазасына кесіледі(...) Шетел инвесторларының компаниясында 90 пайыз қазақ жұмысшылары жұмыс атқару керек. Оны орындамаған инвесторлар жұмысын тоқтатсын(...) «Мәңгілік ел» Қазақ елі мемлекетінің халқының атынан  осы жарлыққа қол қойдым...»,- деп түсін Азамат досына айтты. Ертеңінде досы Ресейге көшіп кетіпті... Не үшін кеткені белгісіз. Бәлкім ол - (...)

Алтынбек ҚҰМЫРЗАҚҰЛЫ,

"Қасым" порталы

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3553