Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2627 0 пікір 6 Сәуір, 2010 сағат 07:10

Шымкентте үш жігіт мылтықпен өзінің құрдасы мен мектепте оқитын екі қызбаланы жарақаттады

Шымкент. 6 сәуір. ҚазТАГ – Шымкентте Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департамент қызметкерлері адам өлтірмекші болған деген күдікпен бір топ бозбаланы ұстады, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.

Қалалық жедел жәрдем дәрігерлері  полицияға 17 жасар жас өспірім мен 13 және 11 жасар мектепте оқитын қыз балалардың оқпен жарақаттанып түскені туралы хабарлаған.

Зардап шегушілер мен куәлар Шымкенттің бір көшесінде үш жас өспірім оларға қарсы мылтықпен оқ атып, одан соң «ВАЗ – 2109» автокөлігімен қашып кеткені туралы хабарлаған.

«Полиция «перехват» операциясын жүргізіп, қаладағы барлық көшелер жабылған. Бірнеше сағаттан соң полиция барлық күдіктілерді ұстады. Ола жергілікті 16, 17 және 18 жасар тұрғындар болып шықты», - деп айтып берді баспасөз қызметінің қызметкері Ақмаржан Мырзахметов.

«Күдіктілердің айтуынша, олар жақында жанжалдасып қалған өзінің құрдасын қорқытпақшы болып, сол жаққа бірнеше рет мылтық атқан. Сол кезде кездейсоқ өтіп бара жатқан екі қыз бала жарақаттанған», - деп түсіндірді ол.

Заттай айғақ ретінде күдіктілерден екі 16-шы калибрлі келте мылтық, 12-ші калибрлі бір мылтық, «ВАЗ — 2109» автокөлігі алынған. Ұсталғандардың үлкені қамауға алынып, қалғандары ешқайда кетпейтіндігі туралы қолхатпен босатылды. Олардың барлығы бірден үш бап бойынша - «адам өміріне қауіп төндіру», «бұзақылық» және «заңсыз қару сақтау, оқ ататын қаруды өзімен алып жүру» баптарымен айыпталып отыр.

Зардап шегушілердің жағдайын дәрігерлер бүгінге қанағаттанарлық деп бағалайды.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2257
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3535