Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2573 0 пікір 5 Сәуір, 2010 сағат 16:45

Назарбаев пен Медведев телефон арқылы Жеңістің 65 жылдығына дайындықты талқылады

Астана. 5 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады президент баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшылары Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарының жай-күйін және даму келешегін талқылады. Сонымен бірге Ұлы Жеңістің 65 жылдығын бірлесіп атап өтуге және осы жылдың 8 мамырында Мәскеуде өтетін Тәуелсіз мемлекеттер достастығының саммитіне дайындық барысы туралы әңгіме болды», - делінген Ақ орданың ресми сайтында дүйсенбі күні жарияланған ақпаратта.
Әңгіме барысында Қазақстан мен Ресейдің ЕурАзЭҚ және ШЫҰ шеңберіндегі екіжақты өзара ықпалдастығының мәселелері де сөз болды.

0 пікір