Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2775 0 пікір 2 Сәуір, 2010 сағат 10:43

СҚО шенеуніктері мемлекеттік рәміздер туралы заңды сақтамағаны үшін жауапкершілікке тартылады

Петропавл. 2 сәуір. ҚазТАГ – Солтүстік Қазақстан облысында (СҚО) мемлекеттік мекемелердің лауазымды қызметкерлері «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» заңды сақтамағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы ҚазТАГ-қа аймақтың прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

«Ақжар аудандық прокуратурасы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» заңның көптеген сақталмай отырған фактілерін анықтады, деп хабарлады баспасөз қызметі. Тексеру барысында «Ақжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі»,  «Ақжар аудандық білім беру бөлімі», «Ақжар аудандық салық басқармасы», «Ақжар аудандық АШМ АӨК-дегі МИК өңірлік инспекциясы», «Талшық ауыл округының әкімінің аппараты» сынды мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік ту мен елтаңба орнатылмағаны анықталды. 

Заңның 4-ші және 6-шы бабына сай, жергілікті атқару органдарының ғимараттарында, басшылардың кабинеттерінде Қазақстан республикасының мемлекеттік туы мен елтаңбасы міндетті түрде көтеріледі (орнатылады, қойылады).  Талшық ауыл округының әкімінің аппаратының ғимаратында ту тұрмақ, мемлекеттік мекеменің аты жазылған тақтайша да жоқ болған.

Сондай-ақ іс жүзінде ауданның барлық мекемелерінде мемлекеттік стандарттарға сай келмейтін ту мен елтаңба қолданылатыны анықталды. Мысалы, аудандық аппараттағы бар 9 елтаңбаның 7-еуі түсі мен өлшемі жағынан мемлекеттік стандарттарға сай келмейді. Баспасөз қызметінің мәліметтерінше осындай жағдай Талшық ауыл округының басқа да бөлімдерде анықталған.

Заң талабы бойынша, мемлекеттік ту мен елтаңба мемлекеттік стандарттарға сай келмеген жағдайда олар ауыстырылуы немесе ҚР үкіметі анықтаған тәртіппен жойылуы тиіс. Ауыстыру бір жұмыс күнінде жүргізілуі керек, бірақ жоғарыдағы аталған мекемелердің біреуі де оны істемеген.

«Мемлекеттік рәміздерді жеке және заңды тұлғалармен заңсыз пайдалану, ҚР әкімшілік бұзушылықтар туралы кодексінің 354-1 бабы 1-ші бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығынан, аудандық прокуратура іс материалдарын сотқа жіберді, - деп хабарлады баспасөз қызметі. – Ақжар аудандық сот қаулысымен Талшық ауыл округының әкімі, аудандық ауыл шаруашылық бөлім бастығы, білім және аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлім бастықтары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Одан басқа, прокурорлық ықпал ету жөніндегі тиісті актілер аудан әкімі мен АІІБ бастығына жіберілді».

0 пікір