Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2958 0 пікір 2 Сәуір, 2010 сағат 10:38

Қазақстан мен Қырғызстан кеден қызеті шекара қосындарында жүктерді тексеруді оңайлатпақшы

Алматы. 2 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстан мен Қырғызстан кеден қызметі шекара қосындарында жүктерді тексеруді оңайлататын жаңа жобаны іске асыра бастады. Бұл туралы ҚР қаржы министрлігі кеден комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Қарбузов мәлім етті.

«Шекараны орнықтыру және есірткі бизнесіне қарсы күрес бағдарламасы бойынша үкімет өте мол қаражат бөліп отыр. Ол кеден қосындарын жабдықтау мен қайта жөндеуге жұмсалады. Енді автокөлікті ашпай-ақ, қандай көлікте қандай жүк, қандай көлемде екенін көре аламыз. Одан соң оның құжатта көрсетілен мәліметтермен салыстырамыз. Заманауи техниканың көмегімен азаматтарда есірткі, қопарылғыш заттар мен тыйм салынған заттардың барлығын анықтай аламыз», - деп атап өтті ол.

Қ. Қарбуовтың айтуынша, жекелеген өткізу қосындарында автоматты бақылау жүйелері енгізіледі.

«Әрбір автокөлікке электрондық мағлұматтар базасы жасалады, сондай-ақ бейне жазу жүргізіліп, оған көлік қандай тауар және қандай сомада апара жатқаны жазылатын болады», - дейді ол.

Қ. Қарбузовтың айтуынша, қазақстан-қырғызстан шекарасында жүктердің өту уақыты да қысқаратын болады.

«Біз қырғыздар тарапына декларацияны бір рет қана, не біздің жақта, не олардың жағында толтыруды ұсындық. Сол арқылы біз бизнесмендерге әкімшілік кедергіні алып тастап, жүктердің шекарадан, кедендік қосындардан өту уақытын қысқартамыз, пара алушылықты жойып, өзара сенімді артырамыз», - деп атап көрсетті Қ. Қарбузов.

Пилоттық жобаны іске асыру 20-шы сәуірде басталады.

«Сөйтіп күзге дейін жалғасады. Егер бұл жоба өзін жақсы көрсетсе, біз бұл мәселені үкімет деңгейінде көтермекшіміз», - деп қорытындылады Қ. Қарбузов.

0 пікір