Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2962 0 пікір 1 Сәуір, 2010 сағат 16:59

«Караван» газеті үлескерлерін үйсіз және ақшасыз қалдырған құрылыс магнаттарының зәулім сарайларын тапты

Алматы. 1 сәуір. ҚазТАГ – «Караван» газетінің тілшілері үлескерлерін үйсіз және ақшасыз қалдырған құрылыс магнаттарының зәулім сарайларын тапты. Олардың суреттері жұма күні шығатын газеттің келесі номерінде жарияланады. Бұл туралы апталық редакциясынан хабарлады.

Журналистер даулы болған құрылыс компанияларының басшылары қандай үйлерде тұратынын анықтауға тырысып көріпті. «Магнаттардың сарайларын табу оңай болған жоқ. Бірақ біраз нәрсені білдік. Алданған үлескерлердің айтуынша, бір үй «Алматықұрылыс» ұлттық холдингтік компаниясының президенті Амангелді Ермегияевке тиесілі болды. Екіншісі – «Қаут» құрылыс корпорациясының директорлар кеңесінің төрағасы, сонымен қатар Алматы мәслихатының депутаты - Олег Намға тиесілі болды», - деп жазады басылым.

«Біз және біздің оқырмандарымыздың қаржылық барлау органдарынан – бірінші кезекте, қаржы полициясынан, прокуратурадан, салық органдарынан, сот атқарушыларынан білгісі келетіні – өткенде жіберген сорақы кемшіліктеріне, үлескерлер тарапынан сенімнен айрылғанына қарамай, қалайша осындай фирмалардың тендерлерді жеңіп алуы, мемлекеттен жаңа тапсырыс алуы жалғасуда?», - деп сұрайды басылым.

Басылым мәліметтерінше, Алматы шенеуніктері бюджет қаражатын Астанадағы әріптестеріне қарағанда кешірек бөледі. Ол дегеніңіз - ауруханалар дәрілерді қаңтарда емес, көктемде алады деген сөз. Жөндеу және жол қызметтері айлап ақшаны күтіп, жұмыс істемей отырады. Тек көктем қыза келе, мемлекеттік тапсырыстарды орындауға жұмыс орындары пайда бола бастайды.

«Караван» журналистерінің айтуынша, Алматының Бостандық ауданы, әкімдіктің сайтындағы ақпаратқа қарасақ, қаңтарда бір де тендер өткізбеген. Ақпанда өткізіп, аудандық төрт балабақшаға зәру мұқтаждықтарына қаржы бөлген. Қалған балабақшалар қаражатты наурыз-сәуірде алады. Аудандарды көркейтуге тек көктемнің ортасында ғана кіріспекші.

«Медеу ауданында қаңтарда жалғыз тендер өтіп - №110-шы балабақша тамақ пен ойыншықтар сатып алыпты. Ал тендер өткізу мерзімдеріне қарасаңыз, көшелерді жинау, жарықтандыру мен басқа да тікелей міндеттерімен тек сәуірде ғана айналыспақшы. Түрксіб аудан әкімдігі алғашқы тендерлерін тек ақпанның аяғында бастаған. Алмалы әкімдігінің тендерлерінің көбі жазға таман жүргізілмекші», - дейді басылым.

«Біздің сот әділдігіне сенбейтін Қазақстан азаматтары көмекті халықаралық соттан сұрай ала ма?», - деп жазады «Караван» газеті. Бұл жайлы әр түрлі сарапшылардың пікірлерін келтірген газет, өз оқырмандарын Қазақстанның сот жүйесінің реформасына арналған мәселені талқылауға шақырады. Мамандардың пікірінше бұл өте баяу жүргізілуде.

0 пікір