Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4432 0 пікір 1 Сәуір, 2010 сағат 13:50

Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев үлкен спортқа оралмақшы

Алматы. 1 сәуір. ҚазТАГ – Олимпиада чемпионы, боксшы Бақыт Сәрсекбаев жаттығуларын қайтадан бастады және үлкен спортқа оралмақшы, деп бокстан Қазақстанның ұлттық құрамасының бапкері Мырзағали Айтжанов мәлім етті.

«Қазір Сәрсекбаев шынымен жаттығуларды бастады. Мамырда ол белсенді түрде техникалық-тактикалық жаттығу жұмыстарына кіріседі. Қазір оның қандай да жарыстарға қатысатыны туралы айта алмаймын, бірақ ол, Азия ойындары 2010-ға бармайтыны анық (Қытайдың Гуанчжоу қаласында 12-27-ші қарашада өтеді)», - деп хабарлады ол naringe.kz. сайтына.

Б. Сәрсекбаевтың жарысқа бармау себебін ол былай түсіндірді: «Қазір Бақыт өнер көрсеткен 69 кг дейінгі салмақ категориясында елеулі бәсекелестік бар. Онда әуелім десеңіз әлемнің екі дүркін чемпионы Серік Сәпиевтің өзі негізгі құрамада орнын нық бекіткен жоқ. Құраманың бас бапкері ретінде маған әрине, Бақыт сынды спортшымыздың қайта оралғаны жағады, себебі бәсекелестік бәріне пайдалы», - дейді ол.  

Еске сала кетсек, Б. Сәрсекбаев 69 кг-ға дейінгі салмақ категориясында алтын медаль жеңіп алған Бейжіңдегі Олимпиадалық ойындардан соң, ол өзінің спорттағы мансабын доғаратынын жариялаған болатын. Қазір олимпиада чемпионы Қазақстан бокс федерациясында ұлттық құраманың үйлестірушісі болып жұмыс істейді.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3558