Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5124 0 пікір 31 Наурыз, 2010 сағат 12:58

Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде 129-шы орында

Алматы. 31 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстанның футбол құрамасы ФИФА рейтингінде 129-шы орында, бұл осыдан бір ай бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда екі сатыға төмен, деп хабарлайды ФИФА-ның ресми сайты.

Соңғы айдың қорытындысы бойынша Қазақстан 13 ұпай жоғалтып, активінде 177 рейтингтік балға ие болып отыр.

Көш басында бұрынғысынша Испания құрамасы. Одан соң Бразилия екінші орында, Голландия - үшінші. Португалия төртінші сатыдағы Италияны ығыстырып, бірден екі саты көтерілді. Сондай-ақ Англия мен Франция да орындарын алмастырды. Қазір олар тиісінше 7 және 8-ші орындарда.

ФИФА –ның  келесі рейтингі 28-ші сәуірде жарияланады.

ФИФА рейтингінің алғашқы ондығы:

1. Испания – 1602 ұпай

2. Бразилия – 1589

3. Голландия – 1261

4. Португалия - 1214

5. Италия – 1183

6. Германия - 1157

7. Англия – 1120

8. Франция – 1077

9. Аргентина – 1075

10. Хорватия – 1050

0 пікір