Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5195 0 пікір 26 Ақпан, 2010 сағат 04:22

KASE вице-президенті Андрей ЦАЛЮК: ВАЛЮТАЛЫҚ НАРЫҚТА ДҮРЛІКПЕ ЖОҚ

Алматы. 25 ақпан. ҚазТАГ– Игорь Киндоп. Апта басталғалы үш күн ішінде Қазақстан қор биржасындағы (KASE) валюталық сауданың таңғы сессиясында $1,2 млрд сатылды. Соңғы жылдары валюталық нарыққа бұл тән емес тұғын. Нарықтағы болып жатқан құбылыстарға түсініктеме беруін өтініп, агенттік KASE вице-президенті Андрей Цалюкке жүгінді.

- Андрей Юрьевич, ақпанның 22-24-і аралығында биржада $1,2 млрд сатылғаны белгілі. Доллардың сатылу көлемінің мұнша көптігін немен түсіндіруге болады?

- Биржада доллардың ұсынылу көлемі айтарлықтай артып отырғаны байқалады. Болжам бойынша бұл экспорттаушылардың валюталық кірісі. Мен оны сауда-сатыққа қатысып отырған банктерге қарап айтып отырмын. Бұл ретте сұраныс пен ұсыныстың монопольдануы тым төмен. Яғни валютаны сату мен сатып алуда айтарлықтай көп банктер қатысып отыр.

Алматы. 25 ақпан. ҚазТАГ– Игорь Киндоп. Апта басталғалы үш күн ішінде Қазақстан қор биржасындағы (KASE) валюталық сауданың таңғы сессиясында $1,2 млрд сатылды. Соңғы жылдары валюталық нарыққа бұл тән емес тұғын. Нарықтағы болып жатқан құбылыстарға түсініктеме беруін өтініп, агенттік KASE вице-президенті Андрей Цалюкке жүгінді.

- Андрей Юрьевич, ақпанның 22-24-і аралығында биржада $1,2 млрд сатылғаны белгілі. Доллардың сатылу көлемінің мұнша көптігін немен түсіндіруге болады?

- Биржада доллардың ұсынылу көлемі айтарлықтай артып отырғаны байқалады. Болжам бойынша бұл экспорттаушылардың валюталық кірісі. Мен оны сауда-сатыққа қатысып отырған банктерге қарап айтып отырмын. Бұл ретте сұраныс пен ұсыныстың монопольдануы тым төмен. Яғни валютаны сату мен сатып алуда айтарлықтай көп банктер қатысып отыр.

Мен бұл қандай да маусымдық факторларға байланысты аймақтық «шығарылым» деп ойлаймын. Одан басқа, мен американың компанияларының аса сенімсіздеу қағаздарының бір бөлігін Қытай сата бастауына байланысты болуы мүмкіндігін жоққа шығармаймын. Соның нәтижесінде біздің нарықтағы доллардың ұсынылу көлемі қазір артуы мүмкін. Әдетте ақпан валюталық нарықтағы «өлі» ай ғой.

- Ал нарықтағы қозғалыстың бет алысы қалай? Егер сұраныс пен ұсыныс шамамен бірдей болса, онда бағамның да шамалы ғана өзгеруі заңды да ...

- Бізде дәл солай. Байқалып отырған өзгерістер айтарлықтай емес, - мысалы бүгін (24-ші ақпанда – ҚазТАГ) 18 тиын болды. Сіз бағамның абсолюттік мәнінің пайыздық мөлшерін есептеп көріп, айталық ресейлік нарықпен қандай болатынымен салыстырып көріңіз. Сіз біздегі нарық «жазықтықта» екенін көресіз – іс жүзінде ешқандай өзгеріс байқалмайды. Ресеймен салыстырғанда бізді тіке сызық тәрізді, әрине, девальвация сияқты тұстарды есепке алмасақ. Тура сол сияқты еуро мен йен нарығында да жағдай сондай.

Біздің нарық үшін айтарлықтай динамика болатыны – ол үш, үш жарым, төрт теңге. Назар аударарлық динамика – сауда кезіндегі 1,0 – 1,5 теңге. Бірақ мен ондай сауданың қашан болғаны есімде жоқ. Әрине, ондайға қазір Ұлттық банк жол да бермес.

- Демек, алаңдарлық та ешнәрсе жоқ қой?

- Ия. Мен әуелім десеңіз қандай да айқын көрініп тұрған қысым тетігін де байқап тұрған жоқпын. Себебі бағамға анық көрініп тұрған қысым, айталық, жарты ай бойына нарыққа қатысушының біреуімен үнемі сатып алынып отырады да, ал қалғандарының бәрімен сатылатын жағдайды мен жақсы білемін.

Кестеде жақсы көрініп тұр, теңгеге қысым шамамен былтырғы қарашаның 10-ында басталып, қарашаның соңында жоққа тән болды. Одан соң бағамның ақырындап төмендеуі мен көлемнің артуы басталды.

Бұл дәл сол экспортерлердің валюталық кірісі болып табылады. Олар үнемі алаңға құйылып отырады да, және Марченко мырзаның айтуынша, қандай да көлемде Ұлттық банкпен сатып алынып отырады. Ұлттық банк дағдарыс кезінде өзінің алтын-валюталық қорын азайтқан болатын, енді ұсыныстағы артық долларларды сатып алу арқылы орнын толтырып жатыр.

- Ал экспортерлер неге қазір сатып жатыр? Олар тоқсан сайын есеп беріп тұрады емес па? Бұрын олар неге сатпады?

- Біріншіден, олар өздерінің кірісін белгілі бір мерзімге сатуы шарт емес. 

Салық төлемдерінің кестесіне белгілі бір телінуі бар, себебі салық теңгемен төленеді, Ұлттық қор есебіне ақша аудару бар және т.б. Экспорттаушыға теңгедегі өтімділік жетіспей тұрғанда, ол өзінің валютадағы кірісін сатады. Бірақ қазір Қазақстанда кірісті міндетті сату деген жоқ. Валюталық кірісті сатудың үлкен көлемдері әдетте наурыз бен сәуірге тура келеді, бірақ ешуақытта ақпанға емес. Сондықтан бұл жерде факторлар әр түрлі болып келуі мүмкін.

Іс жүзінде ахуалды біраз уақыт аралығында көру керек. Егер біз ағымдағы жағдайды шамалы ұзақ уақытта қарастырсақ, онда мен ешқандай қауіп пен тәуекелді көріп отырған жоқпын.

Мен теңгенің долларға қарағанда нығаю үрдісін көріп отырмын. Және ол айтарлықтай айқын көрініп тұр. Бұл үрдіс жақсы негізделген, себебі банктердің қарыздарын қайта құрылымдау өзектілігі төмендеді, ол жақтан долларға деген сұраныс та азайды, мұнай бағасы едәуір жоғары, кіріс нарыққа шығып жатыр. Рас, валюталық нарыққа Кедендік одақтың құрылғаны қалай әсер ететінін зерттеу керек.

Жалпы айтқанда, бұл нарықты дағдарыс алдында 2005-2007 жылдары басқарған үрдістерге ұқсайды. Бірақ ол кезде бұған банктердің шеттен алған көлемді қарыздары да қосылған болатын. Олар Еуроноттарды араластырып, заемдарды тартып, одан кейін сол долларлардың бір бөлігін биржада саудаға салған, оларды Ұлттық банк сатып алып, орнына теңге шығарып отырған. Ол инфляциялық тәуекелдер тудырды, себебі ол шетелдік қарызға әкелген ақшалар, экспорттық кіріске қарағанда, Қазақстанда әлі ешнәрсе өндіген жоқ болатын. Экспорттық кіріс – ол өндірістің нәтижесі. Қазір біздің банктерге ешкім қарыз бермейді, және биржада қарыз ақшалар жоқ, және инфляциялық тәуекел тұрғысынан «сындарлы» кіріс қана бар.

- Нарықта алыпсатарлар байқала ма?

- Қазір іс жүзінде нарықта алыпсатарлар жоқ. Дәліз өте тар болатын.

Сіз осындай жазық нарықта не істей аласыз? Ол қызық емес қой.

Барлық дерлік банктер биржа мүшесі болып табылады. Айталық, биржада долларлар сатып алып, одан кейін оны Павлодардағы айырбас қосындарына ұсынсаңыз – осындай өңірлік арбитраж бар, және онда да айтарлықтай үлкен маржа бар. Биржа мен биржадан тыс нарық арасында арбитраж бар. Ол Ұлттық банктің биржадан тыс валюталық нарық жөніндегі ресми есебінде де көрініп тұр. Ал биржада таза бір сессияның өзінде, немесе арасына үш күн салып барып қалай да алыпсатарлық жасау - ол қазір қызық бола қоймас.

0 пікір