Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3293 0 пікір 24 Ақпан, 2010 сағат 06:01

Ұлы отан соғысының ардагері ауруханада асылып қалды.

Павлодарлық ауруханалардың бірінде емделіп жатқан ұлы отан соғысының ардагері өз-өзіне қол жұмсап, ажал құшты. Диагностикалық орталықтың терапия бөлімінде ем қабылдап жатқан ақсақалдың мұндай қадамға баруына не түрткі болғанын ешкім дөп басып айта алмай отыр. Марқұмның мүрдесін, жексенбі күні палата аралап жүрген медбике тапқан. Осыдан кейін, оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары, ардагердің өз-өзіне қол жұмсағанын растап отыр. Сұрапыл соғыста сағы сынбаған фронтовиктің, неліктен бейбіт күнде мұндай қадамға барғаны дәрігерлер үшін үлкен жұмбақ. Марқұмды емдеген дәрігер, науқастың жазылып келе жатқанын айтады. Егерде, ардагердің көзі тірі болғанда бүгін ертең аурухандан жазылып шығуы керек еді-дейді, диагностикалық орталық басшысы Сәуле Байқазақова. Ал, марқұмның туған туысқандары ақсақалдың мұндай қадамға барды дегенге сенбей отыр. Енді, дүйім жұртты дүрліктірген шым-шытырман оқиғаның анық-қанығын полицейлер анықтамақ.

Ғабит Ботақара

0 пікір