Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3799 0 пікір 24 Ақпан, 2010 сағат 05:58

TASAM Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне байланысты алқалы жиын өткізеді

Еуропада қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалық дәрежесі Қазақстанның халықаралық қауымдастықтың субъектісі ретіндегі тұғырының нығайғандығын дәлелдеуде. Бүгінгі таңда ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер өз көңілін қауіпсіздік пен ынтымақтастықты қамтамасыз ету шеңберінде Еуразия аймағының көп қырлы мәселелеріне назар аудара отырып, олардың оң шешілуіне тәжірибелі Қазақстанның айтарлықтай әсер ететіндігіне сенім арттыруда. Демек, Қазақстанның төрағалық етуі жөніндегі қабылданған оң шешім - Ұйымға мүше елдердің барлығының іс жүзіндегі теңдігін айқындауда.

Қазақстан ЕҚЫҰ-мен өзара әрекеттестік аясында заманауи халықаралық мәселелерге қатысты ұжымдық әдістеменің келешегі зор екендігін көрсетуде және бұл жағдайда өзара тиімді жинақталған ынтымақтастық тәжірибесін есепке алғандығын дұрыс деп есептейді.

Егемен еліміздің ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі барысында ұйым қызметінің қаншалықты нәтижелі болатындығы шетелдік саяси институттардың қызығушылығын арттыруда. Осы орайда,  Еуразия кеңістігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстанның қазіргі рөлі мен қызметінің негізгі басымдықтары жайында Түркиядағы беделді үкіметтік емес ұйымдардың бірі және аталған елдің сыртқы саясатына ықпал етуімен танымал «ТүрікАзия стратегиялық зерттеу орталығы»  (TASAM) алқалы жиын өткізбек.  Алқалы отырыстың тақырыбы - «Қазақстан - 2010 ж. ЕҚЫҰ төрағасы» деп аталады.

Аталған іс-шараның өткізілуі Түркияның Стамбұл қаласында ағымдағы жылдың 25 ақпанында (13:00-17:00) «Sheraton» қонақүйінде (Ataköy) болады.  Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету мәселесінің маңыздылығы мен күрделілігін ескере келе, «дөңгелек үстелге» қатысушылардың тізімі беделді жергілікті эксперттер мен ғылыми ортаның және шетелдік дипломаттар мен қабылдаушы елдің сыртқы саяси мекемесінің  өкілдерімен толықтырылып отыр. Сонымен қатар, «дөңгелек үстел» барысында туындайтын пікір-талас барысы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланады.

Стамбұлдан, арнайы www.abai.kz ақпараттық порталы үшін

0 пікір