Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3300 0 пікір 26 Желтоқсан, 2009 сағат 06:55

«Астана-Финанстың» ішкі кредиторларына мүдделерін қорғау шаралары ұсынылды

Алматы. 25 желтоқсан. ҚазТАГ – «Астана-Финанс» АҚ менеджменті 21 желтоқсанда ішкі кредиторлармен өткен кездесуде олардың мүдделерін қорғау шараларын ұсынды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлап отыр.

«2009 жылдың 21 желтоқсанында Астанада «Астана-Финанс» АҚ басшылығы мен ішкі кредиторлардың кездесуі өтті, оның барысында компания кредиторларды қарызды қайта құрылымдау бойынша қол жеткізілген жетістіктер және ішкі кредиторлар комитетінің 26 қарашада өткен соңғы отырысынан бері болған оқиғалар туралы хабардар етті. Ішкі кредиторлардың назарына олардың мүдделерін қорғау шаралары ұсынылды», - делінген хабарламада.

Атап айтқанда, ішкі кредиторларға міндеттемелерді төлеу уақытында компанияның директорлар кеңесіндені өкілетті өкілін тағайындау ұсынылды.

Сонымен қатар, қайта құрылымдау процесі аяқталғанға дейін қайта құрылымдау жоспарында айтылған активтерден басқа активтерді сатуға, аударуға және олармен басқа да әрекеттер жасауға шектеу енгізу ұсынылды.

Сонымен қатар, қайта құрылымданатын қарыз түгел төленген мерзімге дейін қарапайым акциялар бойынша дивиденд төлеуге тыйым салынып, қайта құрылымдаудан кейінгі кезеңде ірі активтерді сатуға шектеу енгізілген.

«Сондай-ақ, компания заңдағы өзгерістерді және ескі облигациялардың орнына жаңа облигациялар шығарылу мүмкіндігін ескере отырып, ұстаушылар түрі  (облигациялық шығарылымдар бойынша емес) бойынша бұрын ұсынылған қайта құрылымдау жоспарына балама жоспар ұсыну мүмкіндігін қарастырып отыр», - делінген хабарламада.

Үлкен қарызды ұстаушыларға, жинақтаушы зейнетақы қорларынан басқаның бәріне міндеттемелерді 65 пайызға есептен шығару ұсынылады. Қалған 35%-ға жеті жылдық облигациялардың жаңа шығарылымы және қайта құрылымдаудан кейін компанияның капиталына қатысу үлесі жасалады. Бұл топ бойынша сома компанияның алғашқы жеті жылда займдарды өтеу мүмкіндіктерімен шектеледі.

Үлкен облигацияларды ұстаушы зейнетақы қорларына екі жол ұсынылып отыр: капиталға алмастыру немесе қазіргі займды 9 жылдық жеңілдікті кезеңі бар өтеу мерзімі 20 жыл болатын субординацияланған қарызға аудару.

Субординацияланған займдар бойынша өтеу мерзімінің кестесін 25 жылға дейін ұзарту ұсынылып отыр, оның 15 жылы жеңілдікті кезең болмақ.

Компания кепілмен қамтамасыз етілген міндеттер бойынша төлемдерді өтеудің ағымдағы кестесіне сәйкес жасауды ұсынып отыр. Сондай-ақ, компания «Даму» шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының алдындағы міндеттемелерін толық көлемде және кестеге сәйкес өтеуді жоспарлап отыр.

«Балама жоспардың баптары әзірлену үстінде және «Самұрық-Қазынамен» компанияны қолдауға қатысты уағдаластыққа қол жеткізілген соң анықталады», - делінген баспасөз мәлімдемесінде.

2010 жылғы қаңтардың соңына дейін компания мен ішкі кредиторлар комитетінің арасында негізгі шарттар бойынша келісімге (Term sheet) қол қою үшін 28 желтоқсанға дейін өзара түсіністік туралы келісімге отыру жоспарланған.

Баспасөз қызметі қазіргі уақытта «Астана-Финанс» пен халықаралық кредиторлар комитетінің арасында негізгі шарттар бойынша келісімге (Term sheet) қол қойылғанын еске салады. Экспорттық-несиелік ұйымдар бойынша кешенді қаржылық сараптама (Due Diligence) жалғасуда.

«Кездесудің қорытындысы бойынша ішкі кредиторлар комитетінің өкілдері ұсынылған жоспарға қызығушылық танытып, қолдау білдірді», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

2009 жылдың 16 қазанында компания ішкі кредиторлар комитетімен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. 12 қарашада «Астана-Финанс» АҚ сыртқы кредиторлар комитетімен Term Sheet-ке қол қойды, бұл келісім қаржылық қарызды қайта құрылымдаудың шарттарын анықтайды. Желтоқсанда ҚР қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің талаптарын қанағаттандыру үшін «Астана-финанс» Банкі» АҚ, «Астана-финанс» сақтандыру компаниясы» АҚ және «Өмірді сақтандыру жөніндегі компания «Астана-финанс» АҚ сенімді басқаруға беру шарасы жүзеге асырылды.

0 пікір