Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3758 0 пікір 25 Желтоқсан, 2009 сағат 08:17

Қорғаныс министрі қытайлық әріптесімен қазақстандық әскерилерді ҚХР-дың әскери оқу мекемелерінде оқыту мәселесін талқылады

Астана. 25 желтоқсан. ҚазТАГ - ҚР қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков жұмыс сапармен Қытай Халық Республикасына (ҚХР) барды. Сапар барысында қорғаныс ведомствосының басшысы ҚХР ұлттық қорғаныс министрі генерал-полковник Лян Гуанлемен және орталық әскери кеңес төрағасының орынбасары генерал-полковник Го Босюнмен кездесті. Бұл туралы жұма күні қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

«Қазақстан мен Қытай қарулы күштерінің арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары - қазақстандық әскери қызметкерлерді Қытайдың әскери оқу орындарында оқыту және әскери-техникалық саладағы ынтымақтастық. Сапар барысында осы мәселелер талқыланды», - делінген баспасөз хабарламасында.

Ақпаратта айтылғандай, тәуелсіздік жылдары Қытайдың әскери оқу орындарында 65 қазақстандық әскери қызметкер білім алды, қазіргі уақытта 10 адам оқып жатыр.

Қазақстанның қорғаныс министрі ҚХР басшылығына қазақстандық әскери кадрларды оқыту мәселесінде көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді.

0 пікір