Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3438 0 пікір 24 Желтоқсан, 2009 сағат 06:24

Жалға берілетін алғашқы тұрғын үйлер 2010 жылдың бірінші тоқсанында іске қосылады - «Самұрық-Қазына»

Астана. 24 желтоқсан. ҚазТАГ – Кейін сатып алу мүмкіндігімен жалға берілетін алғашқы жылжымайтын мүлік нысандары келесі жылдың бірінші тоқсанында іске қосылады, деп мәлім етті «Самұрық-Қазына» мемлекеттік холдингінің қаржы және даму институттарын басқару жөніндегі директоры Бақытжан Саркеев.

«Жалға берілетін алғашқы тұрғын үйлер 2010 жылдың бірінші тоқсанынан бастап іске қосыла бастайды», - деп мәлім етті ол сәрсенбі күні үлестік құрылыстың қиын нысандары бойынша өткен дөңгелек үстел отырысында.

Мемлекеттік холдингтің еншілес компаниясы «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» Ұлттық қордың қаржысына жеке меншік құрылыс компаниялары аяқтамаған жылжымайтын мүлік нысандарының құрылысын қаржыландырып отырғаны белгілі. Қор бұл нысандарды нарықтағы бағадан төмен бағаға сатып алып, алдағы уақытта оны жалға бермек, соның ішінде, кейін сатып алу құқығымен де жалға беруді жоспарлап отыр.

Жылжымайтын мүлік қорының басқарушы директоры Нұрдәулет Тұрлыбеков «әлеуметтік» класқа жататын баспана мен коммерциялық алаңдар тек жалға берілетінін, ал «эконом» класты үйлер жалға берілетінін және кейін сатып алу мүмкіндігімен де жалға берілетінін, бизнес-класқа жататын үйлер мен паркингтер осындай шарттармен жалға тапсырылатынын және тікелей сатылатынын айтты.

Н. Тұрлыбеков уақыт өте келе Ұлттық қордан алынған қаржыны жылына 5% кіріспен қайтару жоспарланып отырғанын жеткізді. Оның атап көрсетуінше, осыған байланысты «эконом» және «коммерциялық жылжымайтын мүлік» қор үшін «шығынды өнім» болып табылады. «Бірақ бизнес-класс есебінен өз мақсатымыз – 5 пайыздық кіріске қол жеткізуді жоспарлап отырмыз. Әрине, бұл – болжам ғана, бәрі бұдан да жақсы болуы мүмкін», - деді Н. Тұрлыбеков.

Оның айтуынша, «әлеуметтік» баспана үшін жалға алу төлемі (кәдімгі жалға алу) айына 1 шаршы метрі үшін 520 теңгені құрайды. Эконом типті бір бөлмелі пәтер үшін ай сайынғы төлем 32 мың теңгені, төрт бөлмелі пәтердікі – 120 мың теңгені құраса, бизнес класқа жататын баспана: бір бөлмелі – 90 мың теңге, бес бөлмелі 255 мың теңге болады.

Баспананы кейін сатып алу мүмкіндігімен жалға алуға келсек, пәтер жалға алушының меншігіне өтуі тиіс ең ұзақ мерзім 13 жылды құрайды. Алайда мерзімінен бұрын сатып алынса, жылжымайтын мүлік қоры эконом санаттағы үй үшін қалған соманың 15%, бизнес класс үшін  33% көлемінде сыйақы алады.  Сондай-ақ, мерзімінен бұрын сатып алуға мораторий енгізіледі, ол бизнес класқа жататын пәтер үшін 5 жыл деп белгіленді.

Н. Тұрлыбеков қор құрылыс компанияларынан эконом-класс баспананы бір шаршы метрі үшін 81 мың теңгеге сатып алса, кейін сатып алу мүмкіндігімен жалға алу құны 1 ш.м. үшін айына 922 теңгені құрайтынын айтты. Осылайша, бір бөлмелі пәтерді кейін сатып алу мүмкіндігімен жалға алу құны эконом класс үшін 44 мың теңге, бизнес-класс үшін 104 мың теңге болады.

Жылжымайтын мүлік қорының басқарма төрағасы Госман Амрин қор негізінен бизнес класқа жататын үйлерді сатуды жоспарлап отырғанын, бұл алынған қаржыға эконом класты баспапаның құрылысын жеделдетіп, кеңейту үшін жасалатынын жеткізді.

Тікелей сату туралы айтқан Н. Тұрлыбеков Caspian Palace тұрғын үй кешенін мысалға келтірді: пәтерді сату құны 1 ш. м . үшін 105600 теңгені құрайды, осылайша, ауданы 106 ш. метр пәтер қордың сыйақысын есептегенде 15 млн теңге тұрады.

Жылжымайтын мүлік қоры паркингтерді бір көліктің орны үшін айына 6667 теңгеге жалға бермек, ал кейін сатып алу мүмкіндігімен жалға беру бағасы  9107 теңге болады.

0 пікір