Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3308 0 пікір 23 Желтоқсан, 2009 сағат 16:36

2010 жылы сақтандыру нарығындағы ойыншылардың саны азаюы мүмкін – СК басшысы

Алматы. 23 желтоқсан. ҚазТАГ – Игорь Киндоп. 2010 жылы сақтандыру нарығындағы ойыншылардың саны азаюы мүмкін. Бестен аса компания нарықтан кетеді. «Лондон-Алматы» сақтандыру компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Ерғали Бегімбетов осындай болжам айтты.

«ҚҚА сақтандыру компанияларын капиталдандыру бойынша талаптарын күшейтті. Келесі жылы бірнеше компания осы талаптарды қанағаттандыра алмайды және тиісінше, акционерлер компанияларды біріктіру немесе бизнесті жабу туралы шешім қабылдауға мәжбүр болады. Менің ойымша, компаниялардың бәрі капиталын өсіруге бара қоймас», - деп мәлім етті ол сәрсенбі күні журналистермен кездесуде.

Оның пікірінше, келесі жылдың басынан бастап компаниялардың үштен бірі ҚҚА-ның капиталдандыру бойынша талаптарына сәйкес келмейді.

«Жаңа сақтандыру компанияларына жеке капитал бойынша талаптар бірден 1,2 млрд теңгеге дейін арттырылды. Қызмет етіп жатқан компанияларға капиталдандыру бойынша талаптар екі жылға ұзартылды. Біз бұл сараптаманы өзіміз жүргіздік. Біздің болжауымызша, 10-15 компания капиталдарын арттыруға немесе басқа әрекеттер жасауға мәжбүр болады. Біз 5 компания нарықтан кетеді немесе басқаларымен бірігеді деп болжап отырмыз», - деді Е.Бегімбетов.

0 пікір