Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3475 0 пікір 23 Желтоқсан, 2009 сағат 16:23

Елорда басшылығы президентке жаңа балабақшаны көрсетті

Астана. 23 желтоқсан. ҚазТАГ – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы «Қарлығаш» жаңа балабақшасымен танысты, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

240 орындық балабақша елорданың сол жақ жағалауында салынған. Жаңа ғимаратта музыка залы, екі спортзал, екі бассейн, қысқы бақ, балалар шығармашылығының бөлмесі, таңертеңгіліктер мен спектакльдер өткізуге арналған бөлмелер, мектепке дейінгі оқытуды  және балалардың толыққанды демалысын ұйымдастыру үшін қажет басқа да бөлмелер бар.

Балабақшаның аумағында серуенге, спорттық ойындарға, жолда жүру ережелерін меңгеруге, футбол ойнауға арналған алаңдар бар.

Президент балалар ойын ойнайтын, оқу оқитын және демалатын бөлмелерді, асхананы, жазда серуендейтін алаңды, спорт залын аралап көрді, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Қазақстандықтармен тікелей телеэфир өткізгеннен кейін президент үкіметке және аймақтардағы жергілікті билікке елде мектепке дейінгі мекемелердің желісін кеңейту туралы тапсырма бергені белгілі. Осыған байланысты министрлер кабинеті мектепке дейінгі тәрбие беретін мекемелер мен қосымша орындар ашуға бағытталған қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді шаралар белгілеп отыр.

0 пікір