Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2979 0 пікір 21 Желтоқсан, 2009 сағат 08:54

Алаш Базарқұл. «Қазақ елі» шайқалып тұр!

Астанадағы аты шулы "Қазақ елі" монументіне қайта жөндеу өткізілуі әбден мүмкін. Онсыз да дау-дамайдан көз ашпаған ескерткіш, ресейлік мамандардың пікірінше қауіпті болып шықты. Монументті жасап шығарған "Қарағанды  Промстройпроект" институты алғаш ескерткіштің тұғырын орнатқаннан соң, оның беріктігін тексерту үшін Ресейдің орталық аэрогидродинамикалық институтына тапсырыс берген екен. Алайда, ол жақтан сынақ қорытындысы шықпай жатып-ақ Астана әкімшілігі ескерткішті ашып, айды аспанға шығарғаны есімізде. Енді, міне, «қазақстандық» мемлекетті құрған елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мүсініне қауіп төніп тұрған сыңайлы. Н.Е.Жуковский атындағы ресейлік сараптама институтының қорытындысы бойынша, монументтің ұшар басындағы бүркіт мүсіні тербеліп тұр екен. Осы тербелістің салдарынан күндердің күнінде қоладан құйылған қыран төмендегі тас мүсіндердің төбесіне "құйылуы" мүмкін. Енді осыған қосымша, бүркітті теңселтпейтін қондырғы орнату қажет дейді көрші елдегі мамандар.
Осылайша жоғарыға жағынамыз деп жүріп шалағай орнатылған ескерткішке жарты жыл толмай жатып жөндеу жасалатын секілді. Монументті тұрғызған «Қарағанды Промстройпроект» институты, ескерткішті орнатпас бұрын оның қауіпсіздік мәселесін сынақтан күні бұрын өткізіп алмағаны қалай? Осы сауалдың жауабына қаныққымыз келеді.

"Абай-ақпарат"

0 пікір