Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2835 0 пікір 21 Желтоқсан, 2009 сағат 08:10

Теміртау прокуратурасы қайтыс болған адамдарға тиесілі пәтерлерді сату-сатып алу келісімшарттарын заңсыз деп тануға қол жеткізді

Қарағанды. 21 желтоқсан. ҚазТАГ – Теміртау соты қайтыс болған адамдарға тиесілі пәтерлерді сату-сатып алу келісімшарттарының бірқатарын заңсыз деп таныды. Істер қала прокуратурасының пәтер даулары бойынша анықталған жағдайларға байланысты сот актілерін тексеру қорытындысын ұсынғаннан кейін қайта қаралды.

Теміртау прокурорының көмекшісі Динара Әбдікәрімованың хабарлауынша, соңғы уақытта Теміртау қалалық сотында пәтерлерді сату-сатып алу туралы келісімшарттарды заңсыз деп тану туралы даулар бойынша қаралатын азаматтық істер көбейіп кеткен. «2009 жылдың басынан бері осындай 35 азаматтық іс қаралған. Алайда тексеру кезінде соттың кейбір оқиғалар бойынша заң нормаларын бұзғаны анықталды», -  деді ол.

Мысалы, Теміртау қалалық сотының 2008 жылдың 3 шілдесіндегі шешімімен пәтерді сату-сатып алу туралы келісімшартты заңды деп тану туралы өтініш қанағаттандырылған. Бұған арызданушының сотқа берген қолхаты себеп болған. Оған сәйкес, арызданушы 2005 жылы қожайынына 600 мың теңге төлеп, осы пәтерді сатып алған. Алайда тексеру кезінде анықталғандай, пәтердің иесі 1997 жылы қайтыс болған.

«Яғни, арызданушы рәсімдеу кезінде дүниеден өтіп кеткен пәтер иесімен сату-сатып алу туралы келісімшартты рәсімдеуі мүмкін емес. Мұндай жағдайда мүлік құқығы мұрагерлік немесе заң бойынша басқа адамдарға ауысады, - деді прокурор.

Соттың бұл шешімінің күші жойылды. Мұрагерлердің құқықтары қалпына келтірілді.

Сот басқа жағдайда да осындай шешім шығарған. Теміртау қалалық соты үй иесінің қолхат беріп, үйін сыйға тартқаны туралы келісімді де заңды деп таныған. Үйді сыйға тарту рәсімделген сәтте оның иесінің өмірден өткеніне сегіз жыл болған. Прокурордың қарсылық енгізуімен соттың бұл шешімінің де күші жойылды.

Теміртау прокуратурасы жүргізген тексерудің қорытындысы бойынша осындай істер бойынша прокурорлық әрекет етудің алты актісі ұсынылып, қанағаттандырылды.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3512