Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2840 0 пікір 21 Желтоқсан, 2009 сағат 08:06

Жайсаң Жайықтан. Үш сұрқия саясат, Бір қазақы ақиқат.

1993-ші жылдан бері «Теңізшевройл» Атырау облысының аумағындағы «ТЕҢІЗ» кенішінен тегін мұнайды қалқып алып отыр. Тіпті ,жер асты қабаттарынан берілетін қысымның арқасында шығын да шығармайды. Оны вогондарға тиеп, КТК құбыры арқылы Новороссискіге жеткізіп, Қара теңіз арқылы алыс шетелге, Самара құбыры арқылы Ресейге сатып келеді. Ал Шымкенттегі, Повладардағы, Атыраудағы мұнай өңдейтін зауыттарға тегін қара алтынның қаңсыған қағы да жетпейді. Сөйтеміз де ішкі сұранысымызға қажетті бензинді Ресейден сатып аламыз. Бұны азырқансаңыз Үкімет соңғы бензин дағдарысынан кейін 10 миллион тонна мұнайды Ресейден және  сатып алатын болыпты. Сөйтіп жанар-жағармай дағдарысанан құтылудың амалын тапқандай болып Елбасына ақпар беріп қойды.

Мұнайды тегінге таратып беріп, не себептен сол мұнайды орыстан кері сатып алып отырмыз?   Бұл  шамасы  үкіметке немесе халыққа емес, осыны ойлап шығарғандардың жан-қалтасына пайдалы әрекет болса керек.Яғни бас пайдасын ойлаған шенеуніктер халықтың қазынасын талан-таражға салып отырғанын осыдан көруге болады. Болмаса өз қазынасына жер қожасының билігі жүрмейді деген сөз. Бұл санқырылы саясаттағы бірінші сұрқия

Екінші сұрқия бұдан да сорақы.   1 миллион гектар жерді  Айдаһар ауылы сұрапты. Оған қазақтар қарсы болды.Егер қазекең қабағын шытпағанда үкімет байқамаған болып бере салар ма еді кім білсін. Әйтеуір қалың елден сескенген үкімет «жоқ, жерді бермейміз, тек жалға береміз, инвестиция тартамыз»  деп алдарқатып жатыр. Сонда бұл кімді мазақ еткені. Жалға бергеннен кейін оны үйлестіру үшін қытайлардың қаптамайтынына кім кепіл?

Сұрқияның соңғысы сатқындық. Ұлтқа деген қастандық. Неге керек «ел бірлігі» доктринасы. Осыны ойлап шығарған ақылды да қалғанымыз ақымақпыз ба? Ұялмай Олжас сұхбат береді. Қазақ тілінің ғалымдарына ақыл үйретеді. Өз тіліңде сөйлей алмайсың ғой. Берген сәлемімді қазақша ала алмағаныңды Амстердамның әуежайында көргенім бар. Ұлтын білмеймін, көзілдірік киген сары келіншегіңмен қолтықтасып Парижге кетіп бара жатқансың сол кезде. 

Түйін. Қазақстанның батысында мол мұнайдың барын кезінде Дінмұхамед Қонаев білген. Бірақ геологтарға «жоғарыға айтпаңдар»  деп тапсырма беріпті. Оны көзі тірі геолог мұнайшылар дәлелдеп бере алады. Димаш атамыз сонда арзан атақты емес, елінің кемел болашағын ойлаған екен ғой. Ал, қазір не істеп жатырмыз? Жер асты байлығын тегіс жария еттік. Бірақ, соның бәрі ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетіп барады. Қазақы ақиқатымыз анық  осы...

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610