Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2549 0 пікір 20 Желтоқсан, 2009 сағат 08:18

ҚР премьер-министрі Ақтөбе облысына жұмыс сапармен барады

Ақтөбе. 20 желтоқсан. ҚазТАГ– ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов жексенбі күні жұмыс сапармен Ақтөбе облысына барады, деп хабарлайды ҚазТАГ тілшісі.

Үкімет басшысы сапарының мақсаты - аймақтың экономикалық дамуымен, индустриалдық-инновациялық жобаларды, «жол картасын» іске асыру барысымен танысу. Жалпы айтқанда, бағдарлама бойынша 7 нысанға бару жоспарланған, деп хабарлады облыс әкімдігінен.

К. Мәсімов «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында салынған жаңа емхананың ашылуына қатысады деп күтілуде. Ол «Ақтөбеқұрылысиндустрия» АҚ-да торлама бетоннан бұйымдар шығаратын зауыттың іске қосу салтанатына қатысады, «Ақтөбе Центр» ЖШС көлік-логистикалық орталық құрылысының барысымен танысады, «Мега Ақтөбе» ТРК-ға барып, 360 орындық №31 мектептің, сондай-ақ, 60 орындық мектепке дейінгі білім беру жеке меншік орталығының ашылуында болады.

0 пікір