Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2508 0 пікір 20 Желтоқсан, 2009 сағат 08:16

Журналист Есергепов тергеу абақтысынан Тараздың жалпы тәртіптегі колониясына ауыстырылды

Алматы. 20 желтоқсан. ҚазТАГ – Дилярам Аркин. «Алма-Ата Инфо» газетінің бас редакторы Рамазан Есергепов тергеу абақтысынан Тараздың жалпы тәртіптегі колониясына ауыстырылды. Бұл туралы ҚазТАГ тілшісіне журналистің әйелі Раушан Есергепова хабарлады.

«Рамазанды тұрған жері Алматыға ауыстыру туралы жазған өтінішіме қарамастан, оны Тараздағы колонияға 16 желтоқсанда ауыстырды. Қазір ол карантинде және онымен кездесуге тыйым салынған», - деп түсіндірді Р. Есергепова.

Бұрын хабарланғандай, 2009 жылы 8-ші тамызда Тараздың  № 2 қалалық соты «Алма-Ата Инфо» газетінің редакторы Рамазан Есергеповты үш жылға соттап, жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтеу туралы үкім шығарылды. Сонымен қатар, оған екі жыл бойы журналистік кәсіппен айналысуға тыйым салынды.         

Еске сала кетсек, Р.Есергеповты 6 қаңтарда ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлері тұтқындады. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша – «мемлекеттік құпиясы бар деректерді заңсыз жинау және тарату» және «қызмет бабын асыра пайдалану» бойынша айып тағылды. Бұған себеп болғаны - «Алма-Ата Инфо» газетінің 2008 жылғы 21 қарашадағы санында «Кто управляет нашей страной: президент или КНБ?» деген мақаланың басылуы. Онда ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті бастығының қызметтік хаты жарияланған. Арнаулы қызмет өкілдерінің бағалауы бойынша, бұл хат құпия құжаттардың қатарына жатады. Құқық қорғаушылар бұл істің саяси астары бар деп есептейді. Р.Есергеповтың ісі бойынша сот тыңдаулары Таразда жабық түрде өтті.

14-ші желтоқсанда Жамбыл облыстық сотының қадағалаушы алқасы «Алма-Ата-Инфо» газетінің бас редакторы Рамазан Есергеповқа қатысты үкімді күшінде, ал аппеляциялық алқаның қаулысын өзгеріссіз қалдырды.

0 пікір