Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2808 0 пікір 20 Желтоқсан, 2009 сағат 05:48

Тәжікстан президенті әріптестеріне ауғанстандағы проблемаға байланысты шекара қауіпсіздігін талқылауды ұсынды

Алматы. 19 желтоқсан. ҚазТАГ – Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон аймақтың қауіпсіздік проблемасына байсалдырақ қарау керектігін ұсынды.

«Аймақ пен оның маңайында талқылауды қажет ететін проблемалар жеткілікті. Біріншіден, бұл қауіпсіздікке байланысты мәселелер. Көрші Ауғанстанда ахуал күрделі болып қалып отыр. Бұл ауған билігінің әлсіздігі мен халықаралық күштердің жұмысының тиімділігінің төмендігінен болып отыр», - деді Тәжікстан президенті Қазақстанда өткен бейресми саммитте.

Э. Рахмон «ахуалға елеулі ықпал етіп отырғаны Ауғанстандағы есірткі өсірудің артып отырғандығы», - деп қосып айтты. Осы себепті ол Орталық Азия елдері мен ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ, ТМД елдері аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байыппен қаруы керек деген пікір білдірді.

«Біз шекараны бекіту мәселесін бірлесе шешуіміз керек», - деді Тәжікстан президенті.

0 пікір