Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2532 0 пікір 18 Желтоқсан, 2009 сағат 06:44

«ҚАЗАҚТЕЛЕКОМНЫҢ» БҰНЫСЫ НЕ?

2009 жылы 17 шілдеде «Қазақтелеком»-ның №237 бұйрығына қосымша ретінде жаңа Үлгі шарт қабылданды. Жұртшылыққа қызмет көрсету шарты. Ал осы құжаттың «Өзге де талаптар» атты 7-тармағының 7.5 тармақшасында  «Шарт Тараптарда сақталатын және тең заңды күшке ие мемлекеттік және орыс тілінде екі данада жасалады...» деп заң талабындағыдай көрсетілсе де (!), 7.6 тармақшасында «Мемлекеттік және орыс тіліндегі редакциялар арасында үйлеспеушілік жағдайында, орыс тіліндегі редакция басым күшке ие болады (?!)» делінген. Ғажап, Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңында ондай жағдай қарастырылмаған тәрізді еді...Сонда мемлекеттің негізгі тілі - Мемлекеттік тіл болса-дағы, «Қазақтелеком» үшін мемлекеттік тілімізден үстем тілдің болғаны ғой?

Бұл, бәлкім, «Қазақтелеком» АҚ-ы орыс тілінде жасалған мәтіннің қазақша нұсқасын дәлме-дәл бере алатын аудармашыға мұқтаж» деген сөз болар? Әлде, «Қазақтелеком» АҚ-ы заңгерінің «Тіл туралы» Заң талабын ескеруді «ұмытып» кетуінен бе екен? Әлде қазақтілділердің құқын аяқасты етуді көпе-көрнеу мақсат етті ме екен? Сұрақтар әр азаматтың мыйын ашытады. Біз Қазақстанның 70% қазағы мен қазақтілділердің құқын айтпаймыз, еш болмаса бастысы - Қазақ тілінің «Мемлекеттік тіл» деген ұлы мәртебесі ескерілсе етті...

«Қазақтелеком» акционерлік қоғамының жоғарыда көрсетілген «үлгісімен» аталған кәсіпорынның Павлодар облыстық филиалы Үлгі шарттың орыс тіліндегі нұсқасын ғана толтырғаны қынжылтады. Бұл - қазақ тіліндегі мәтінді түкке тұрғысыз еткен 7.6 тармақшаның өз міндетін «ақтағаны» тәрізді. Бұған қоса Сату орталығы бастығының мөртабаны «Тіл туралы» Заңның 21-бабы талабына сәйкес емес екен. Шарт соңындағы қысқартылған РНН, БИК, ИИК сөздерінің қазақша үлгілерінің ескерілмегені де әлгі баптың «Қазақтелекомдағы» тіл тағдырына батпандап енген мәселе екендігін аңғартады.

Бұл заманда байланыс құралын пайдаланбайтын жан жоқ. Сондықтан, осындай кәсіпорын халыққа қазақ тілін қолдануда, үйретуде өзінің тигізер пайдасын дұрыс пайдалана алса, кәнекей, жұрттан бата алар еді, елдің ілтипатына бөленер еді. Ал ондай заман туғанға дейін «Қазақтелекомның бұнысы қалай?» деп таңданып жүруімізге тура келетін сыңайымыз бар. Тек таңданып жүргеннен гөрі, бәлкім, бірлесіп жұмыс жасаған дұрысырақ болар... кеңесіп пішкен тон келте болмайтынын ескерген жөн.

Төлен РАМАЗАНҰЛЫ,

Павлодар қаласы.

0 пікір