Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2726 0 пікір 17 Желтоқсан, 2009 сағат 17:39

Бейбіт ҚОЙШЫБАЕВ. ҚАСІРЕТТІ ДЕ ҚАСТЕРЛІ ӨТКЕЛ ХАҚЫНДА (Басы)

Мемлекеттік тәуелсіздігімізді баянды ететін шарттардың біріне ұлттық санамыздың айқындығы мен тарихи жадымыздың бекемдігі жатары дау туғызбас білем. Ендеше осынау асыл қасиеттерді халқымыздың бітім-болмысына, әр ұл-қызымыздың тұла бойына тынымсыз егіп, ширатып,  пісіре түсу ләзім. Бұл үшін өткен жолдарды сын көзбен шолып, сүзіп, тиісінше - сана мен жадқа нәр құйып, болашақ қадамға қажет тәлім, сабақ ала беру керек. 1986 жылғы Желтоқсан - тап сондай көзқарасты талап ететін өте маңызды,  қасіретті де қастерлі кезең.

Қоғамдық құрылыстың дүниені дүр сілкіндіре ауысуына байланысты қаулап шыққан  қалың көсемге - «шешен емес жоқ адам, бәрі білгіш, бәрі де ер» саясатшыларға - халқымыздың ардақты ұлы Міржақып Дулатов 1917 жылғы желтоқсанда мынандай сауал тастаған-ды:

Мемлекеттік тәуелсіздігімізді баянды ететін шарттардың біріне ұлттық санамыздың айқындығы мен тарихи жадымыздың бекемдігі жатары дау туғызбас білем. Ендеше осынау асыл қасиеттерді халқымыздың бітім-болмысына, әр ұл-қызымыздың тұла бойына тынымсыз егіп, ширатып,  пісіре түсу ләзім. Бұл үшін өткен жолдарды сын көзбен шолып, сүзіп, тиісінше - сана мен жадқа нәр құйып, болашақ қадамға қажет тәлім, сабақ ала беру керек. 1986 жылғы Желтоқсан - тап сондай көзқарасты талап ететін өте маңызды,  қасіретті де қастерлі кезең.

Қоғамдық құрылыстың дүниені дүр сілкіндіре ауысуына байланысты қаулап шыққан  қалың көсемге - «шешен емес жоқ адам, бәрі білгіш, бәрі де ер» саясатшыларға - халқымыздың ардақты ұлы Міржақып Дулатов 1917 жылғы желтоқсанда мынандай сауал тастаған-ды:

«Кешегі қара күндерде, Жұлдызсыз, айсыз түндерде, Жол таба алмай сенделіп, Адасып алаш жүргенде - Бұл күнгі көп көсемдер, Сұраймын, сонда қайда едің? Ақыл таппай дағдарып, Жан ашыр таппай сандалып, Барарын қайда біле алмай, Жүрген бір күнде сан ғарып - Есепсіз көп шешендер, Жөніңді айтшы, қайда едің? Сарыарқа сайран жерлерім, Көк орай шалғын көлдерім, Бәрін жауға алдырып, Асқар тау, биік белдерім, Қысылып қазақ тұрғанда - Данышпандар, қайда едің? Атадан бала айрылып, Қанаты сынып қайрылып, Қасірет толып жүрекке, Тұрған бір кезде қайғырып - Толып жатқан қамқорлар, Елде жоқ едің, қайда едің? Құландай үркіп елдерің, Қалдырып мекен жерлерін, Жаяу-жалпы, жалаңаш, Қатын, бала ерлерің Аштықтан қырғын тапқанда - Сыпыра жомарт, қайда едің? Кедейдің сорын қайнатып, Майданға жасын айдатып, тіл жоқ, көз жоқ, басшы жоқ, Өлімге басын байлатып, Жіберерде - жаным-ау, Жан ашыр жақын, қайда едің?»

Құдды 1986 жылғы Желтоқсан тұғырынан қазіргі таңда қойылған өткір сұрақтар дерсің. Осылайша мойындамауға ұяты алдында адал болғысы келетін әркімнің дәті шыдамаса  керек. Рас, үстем идеологияға, яки билеуші төреге арқа сүйейтін жәдігөй де екіжүзді «бас адамдар» үшін бұлар жай ғана жел сөз, өйткені олар тарихты өздері жасайды. Ал арлы кісі ойланбай тұра алмайды. Кімнің кім екенін - who іs who - іштей «Қайда едің?» тұрғысынан таразылайды. Іштей де болса қай-қайсысына да ылайықты бағасын береді.

Азаматты танудың бірден-бір иманды өлшемін бұдан бір ғасыр ілгеріде, әлеуметтік және экономикалық ілімдердің соңына жас шағында шырақ алып түсіп жүрген пролетариаттың болашақ көсемі дәл айқындаған болатын: «Тарихқа сіңірілген еңбектер тарихи қайраткерлердің қазіргі талаптармен салыстырғанда не бермегеніне қарай емес, өздерінен бұрынғылармен салыстырғанда жаңа не бергеніне қарай бағаланады».

Қай заманда да азаматтыққа сын, адамның азаматтығының өлшемі, кімнің бағасы қай деңгейде тұрғанын өлшер безбен ретінде ел басына күн туған сәттерді алу ләзім. Жасыратын не бар, әділет қуам деп от пен суға әй-шәй жоқ қойып кететіндердің пендешілік тұрғыда ұтылатыны, кез-келген қитұрқы сүзгіге бірінші болып тұтылатыны белгілі. Ал  іш есеппен, қадамын санап басатындардың аңқылдақ алғашқылар оп-оңай шырмалып жататын торлардан дін-аман құтылатыны, ақыры, уақыты келгенде, белсене құтыратыны да рас. Өткен дәуірлер мұндай қадамдар мен қылықтарды дәйектер мысалдарға тұнып тұр, қазіргі заман да кенде емес...

Өтпелі кезеңде өткінші әділдік салтанат құрып, жаңа белсенділер өз біліктерімен дәуірлейді. Сондықтан ғой - Жақаңның  «Қайда едің?» деп қайран қалғаны. Сондықтан ғой - «Енді бүгін кім жаман? Данышпан емес кім надан? Қамқор емес, кім жауыз? Жомарт емес, кім сараң? Көсем емес, кім жалтақ?.. Жеткіздің, алла тағалам» деп күйінгені. Сондықтан!

Бүгінде Сексен алтыншы жыл сергелдеңін сөз ете беру кейбіреулерге ұнамайды, өйткені тап сол жылғы Желтоқсан толқуының,  дұрысын айтқанда - Желтоқсан көтерілісінің және сол Көтеріліске көзқарастың талайлар үшін бет-пердесі түрілген сәт болғаны анық. Стандартқа  еті үйренген кеңес елін жаппай дүр сілкінтіп, жалпақ әлемді елеңдеткен сонау қазақ жастарының дүрбелеңді қозғалысына кімде-кімнің қалай қарайтыны - оның отаншылдығының шынайы табиғатына таразы, әділетсүйгіштігіне, азаматтық көзқарасына өлшем, критерий болып табылады. Шынтуайтқа келгенде, ар мен адалдық өлшеуішіне ондайлардың көбі шыдас бермейді.

Сексен алтыншы  желтоқсанның  қаһарлы үш күні мен ызғары «жаңа 37-ні елестетіп» ұзаққа созылған қырғи-қабақ ахуалдың қайғылы салдарлары, бұрмалаулы жазалаулар туралы аз айтылған жоқ. Ол - неосталинизмнің жан айқайға басып ашу шақыруы еді. Ол - тоталитарлық жүйенің репрессиялау аппараты бағыныштыларына көрнекі үлгі боларлық террор жүргізіп, жүгенсіздікпен тайраңдаған кез болатын. Ол - партия мен кеңес өкіметінің біз ес білгелі бері тұңғыш рет жиренішті жазалаушылар мен бағындырып-жуасытушылар деңгейіне дейін құлдырауы-тын. Ол - империялық күштердің өз қатарына барлық қазақ еместер мен қазақтардың жағымпаз да жарамсақ бөлігін қосып алуға, сөйтіп, қазақ халқы мен түрлі өлт өкілдері арасына сына қағуға  ашық тырысқанын көрсетуі-тұғын.

Біртіндеп алыстап бара жатқан 1990 жылдың жазында - тәуелсіздіктен бір жарым жыл бұрын - Журналистер  одағы мен Орал облыстық партия комитеті ұйымдастырған «ақтаңдақтар» мәселесі жөніндегі республикалық конференция мінбесінен мен өзіндік бағамды осылай жария еткен едім. Қазіргі таңда еш салмағы жоқ бұл сөздер ол тұста оғаш та қатқыл естілген - сол конференцияға қатысқан бір дос кейін маған залдың сілтідей тұнып тыңдағанын, әр сөзімнің электр тоғы соғып тітіренткендей әсер еткенін айтқан-ды.

Одан бері талай су ақты, бәрібір мен сонау анықтауышымнан ештеңе алып тастамайтын сыңайлымын. Себебі ол - жүйе диірмені өзін-өзі әшкерелегеннен туған ащы қорытынды, тарихи шындық болатын. Бірақ толық шындық та емес секілді, тек бұл туралы сәл кейінірек...

 

Көтерілісшілерге араша

Тоталитаризм шоқпарына құдды соның өзімен бірге туғандай жармасып, жүйеге, биліктегілерге жағыну ыңғайымен, әйтеуір жау тауып сілтеп қалуға тырысатын жалпаңбайлар қысастығын менің өзіме де тікелей түйсінуге тура келген еді.

1986 жылғы 17 желтоқсан күні  кешкісін мен Брежнев атындағы жаңа алаңнан соған дейін тек кинолардан, шетел тележаңалықтарынан көзге түсуі ықтимал әскери төңкеріс яки революциялық жағдай сипатты сурет көрдім. Үлкен алаңның төрт бұрышында - алаулап жанған  төрт машина. Өрт тілі ұзарып, адам толы алаң үстінен төнген қараңғы аспанға сұғына сіңіп кетіп жатыр. Орталық мінбенің екі қанаты жағалай тізілген әскер. Бұрын-соңды көзімізге тірідей түспеген тұрпатта: мұздай боп құрсанған қалқандарымен үрейлендіре қарауытады. Алаң ортасында - екі  жерге дөңгелене шоғырланған жастар. «Жа-са, қа-зақ! До-лой, Кол-бин!» деп, бір ауыздан, бір ырғақпен  қосыла айғайға басып тұр.

Не болған мұнда? Мынау не? Сәби өңді бір бала қолындағы темекі қорапшасын бір бүйіріне құлап отқа оранып жатқан автомобильдің бауырына қарай лақтырып жіберді де: «Ә, ППМ ғой», - деп  теріс бұрылды... Аяғы аспаннан келген, өрт құшағына берілген «көшпелі милиция бекеті»... Өрімдей жас қыз менің қайран қалған аңқау сауалыма ызалы сарынмен қатқыл жауап қатып, әлгінде мына солдаттардың алаң толы қыз-жігітті шоқпармен ұрып жайратып салғанын, соққыға жығылған жетпіс-сексен адамды әлдеқайдан шапшаң пайда бола қалған «жедел жәрдем» көліктері салып-салып әкеткенін айтты...

Сол түнгі сағат екіде биік дәрежелі партактив мәслихат құрды. Шамасы, маңызды жиын нұсқауын орындауды жедел қолға алғаны шығар, Жоғарғы Кеңес Төралқасы аппараты партия ұйымының хатшысы 18 желтоқсанға қараған таң қараңғысынан телефонды безілдетіп, коммунистердің бірқатарын кеңсеге жиып алды. Топ-топқа бөліп, қала аудандарына жіберді.

Мен тап келген Октябрь аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы бұндай жағдайдың басқа республика емес, тап Қазақстанда болуы ықтимал-ау деп ешқашан ойламағанын айтып басын шайқап отырды... Бір кезде оған әлдекім рациямен Айнабұлақтан орталыққа қарай бір үлкен топ - көп адамдар легі шыққанын хабарлады. Топ алдында қолын сілкілей сөйлеп, жеке-дара бір белсенді кетіп бара жатқан көрінеді. Хатшы колоннаны алаңға дейін милициямен себесіндеп аман-есен апаруды тапсырды.... Алаңға халық жасақшыларын бастап таңертең кеткен ауатком төрағасы түстен кейін оралды. «Құрып қалды ғой қазақ жігіттері, - деп құпиялай сыбырлады ол маған, - өтіп бара жатқандарында шоқпармен бір соғып қиралаң еткізеді де, көше жиегіне қарай сүйретіп әкете береді...»

Кешке қарай бізді ауданнан өз жұмыс орнымызға шақыртты. Жоғарғы Кеңес Төралқасы Төрағасының аузымен айтылмақ Орталық Комитетте әзірленген сөз мәтінін қазақшалаумен шұғылдандық. Ұзамай оның салқынқанды жүзбен жария еткен «бірлі-жарым бұзақылық қадам өзгерте алмаған тып-тыныш ахуал туралы» көпе-көрнеу бұрмаланған, ешкім сенбейтін хабарын теледидар шартарапқа таратты...

Қарусыз қыз-жігіттердің қалың қатарына әлденеше мәрте шабуыл жасаған  солдаттар қарлы алаңда жүздеген жанды жусатып тастады, олардың орындарынан тұрмай қалғандары қаншама. Жүздеген кісі түрлі жарақатпен ауруханаға түсті. Әскерилер ұрып-соғып  жүріп  ұстап алғандарын  жүк машиналарына жансыз зат тәрізді бей-берекет лақтыра тиеп, қоқыс шығарғандай, қала сыртына таси жөнелді, айдалаға апарып, самосвал қорабынан бейне-бір керексіз қоқысша төкті. Ондаған жігітті алаңнан өкшелей атқылап, тауға қуды. Есепсіз көп қыз-жігітті милиция бөлімшелеріне қамап, нашақор етіп көрсету әрекеттерін жүзеге асыруға тырысты. Әсіресе қыздарға айрықша қорлық көрсеткен мысалдар төбе шашыңды тұрғыза дүңк-дүңк естіліп жатты. Көшеде кешті қойып, тапа-тал түсте ұлттық негізде ұстап алу, яки соққыға жығу қаланың әр жерінде орын алды. Алаң шетіне жәй көрермен ретінде тақалғандардың өзі кінәліге айналды, оларды құпия орган агенттері түсірген суреттері арқылы іздеп тауып, әрқайсысына партиялық, комсомолдық, қылмыстық жаза үлестіруге кірісті...

25 желтоқсан күні таңертең Жоғарғы Кеңес Төралқасы аппаратының партия жиналысы болатыны жайында хабарланды. Жұмыстан соң, кешке, 17-18 желтоқсан оқиғалары арнайы талқыланбақ. Мен жан-дүниемді күйзелткен  сәйкессіздік жайында үндемей қала алмайтынымды ұқтым. Айтпақ сөзімді кешке дейін қағазға түсіріп алдым. Қызмет күйбеңдерінен қол қалт еткенде ғана шұғылданғаныммен, негізгі ойларымды жүйелеп үлгердім, олар қалам ұшына өздері сұранып тұрған, өйткені бәрі ұзақ жылдар бойы қалыптасқан берік иланымнан туындаған еді.

Сондағы сөзімнің алдын-ала әзірленген мәтіні мынау:

«Конечно, никак нельзя оправдать эту демонстрацию обманутой подстрекателями и националистическими элементами молодежи, но и нельзя ее слепо осуждать - надо понимать, поразмышлять вслух, анализировать ситуацию, философски осмыслить проишедшее и делать правильные выводы. Следует признаться в том, что в этом движении главным образом виноваты мы, взрослое поколение, поколение образованное, мы, партийно-советские работники.

Атмосфера, царившая в стране до крутого перелома в жизни партии - а именно - настроение самодовольства, вседозволенности, стремление приукрасить действительного положения дел, отрыв идеологической, пропагандистской работы от жизни постепенно «подготавливало» алмаатинских событий 17-18 декабря т.г. Те долгие годы «благодушия» притупили в нас чувство реального, и мы не смогли творчески воспринять стратегию крутого перелома, революционной перестройки общественной жизни в части интернационального воспитания. Вроде все мы вооружились крылатыми фразами партии, но не совсем вникли в их суть. Мы гордо говорили о важности человеческого фактора, апеллируя экономическими цифрами, при этом не задумывались о составляющих этого показателя движущей силы члена общества, не задумались  о состоянии его интернационалистских качеств и путях оттачивания интернационализма каждого индивида.

Формализм, заевший нашу идеологическо-пропагандистскую машину, по сути остановивший его колесико, именуемое интернациональным воспитанием, дал знать о себе в эти дни. Все читали произведений Ленина по национальному вопросу в различных учебных заведениях, но многие, после  сдачи зачетов и экзаменов, их забыли. Если кто взглянул туда в эти дни, то нашел бы много кое-чего в пользу вышедших на улицы молодежи. Ведь не случайно они носили портрет Ленина и транспаранты с выдержками из его трудов. Но заржавевшая наша пропагандистская машина  так и не догадалась объяснить этой скандирующей обманутой молодежи то, что отдельные высказывания вождя относятся к конкретным ситуациям тех времен и что на учение Ленина надо смотреть в развитии. Вместо того, чтобы поднять наших лучших пропагандистов, агитаторов, лекторов, установить на площади и улицах, прилегающих к ней, громкоговорители, и разъяснять массе национальный вопрос на современном этапе, мы теряли время на стягивание к площади милиции и военной силы и тем самым, как ни горько в этом сознаться, спровоцировали то, что случилось после 7ч. вечера 17 декабря. Разум гуманиста никак не может оправдать поступки отдельных служак, которые пустили в ход дубинки, саперные лопаты, водометы, дымовые шашки и даже разъяренных собак на юношей и девушек, на 17-20-летних наших детей. Все, кому не чужд гуманизм, никак не согласятся с поступками отдельных руководителей предприятий, подготовивших специально и снабдивших людей, привлеченных в ряды дружинников, дубовыми палками, ломами из арматур, кусками дорогостоящих кабелей. Надо смотреть правде в глаза - к сожалению, многие блюстители порядка в эти дни в один миг оказались в роли усмирителей и карателей.

Не лучшим образом показали себя отдельные идеологические работники, бывавшие в эти дни в коллективах. Чем можно измерить тот вред, которого наносит секретарь райкома партии, говорящий публике такие слова: что важно для вас, чтобы первый секретарь ЦК был казахом, или в магазинах был хлеб? Столь примитивно-вульгарное разъяснение партийного работника опасней и коварней даже самых жестоких расправ, это очевидно и не требует доказательств.

Никогда, никто не сможет разрушить дружбу казахского и русского народов, веру и любовь казахского народа в ленинскую партию. Через боли и страдания нации пришли люди к этому, веками ковали священные узы дружбы. Не скажу об общеизвестных примерах интернационалистского акта казахского народа, проявленные в разные исторические периоды нашей страны. Напомню лишь о малоизвестном широкому кругу людей факте - казахский народ даже тогда, когда в результате страшного перегиба партийно-советских работников, допущенного в проведении коллективизации в Казахстане, потерял около двух миллионов своей численности, - не потерял веру в партию, в русский народ. Следовательно, мы обязаны свято хранить, беречь эту веру и любовь. Делать все, для того чтобы наше подрастающее поколение выросло верными революционным традициям отцов и подлинными интернационалистами - наш долг.

Надо решительно отказаться от упрощенного понимания сути и смысла интернационализма и, соответственно, от схематичного ведения работы по интернациональному воспитанию. Бюро ЦК правильно ориентирует нас этому вопросу. Долг практических работников - творчески относиться к этому делу, отбросить шаблоны, перестроиться в мышлении. Необходимо постоянно помнить ленинское требование о том, чтобы мы никогда не относились формально к национальному вопросу. Ведь соблюдение такта в национальных взаимоотношениях - это принцип интернационализма. Ленин учил, что в прошлом угнетенные народы имеют повышенную чувствительность к вопросам, касающимся национального достоинства и гордости, вот дословно: "ни к чему не чутки "обиженные" националы, как к чувству равенства, хотя бы даже по небрежности, хотя бы даже в шутку, к нарушениям этого равенства своими товарищами пролетариями. Вот почему в данном случае лучше пересолить в сторону уступчивости и мягкости к национальным меньшинствам, чем недосолить".

Хотим мы того, или не хотим, но всякое нарушение такта принимается за унижение национального достоинства. Нечего скрывать, в эти дни, да и раньше, в общественном транспорте, на улице многие из нас были свидетелями мимолетных негативных перепалок, когда, безусловно незрелые люди, конечно, дно общества, проявляли неуважение, презрительно отзывались о коренной национальности, вспоминая дореволюционные прозвища. Именно такие политически неграмотные люди восприняли неодобрение молодежью решения Пленума как противостояние русскому народу. К сожалению, и в этом доме приходилось слышать некое садистско-удовлетворенное выражение кое-кого, говорящего, что надо было не только бить, но и побольше убивать, чтобы им не было повадно.

События этих дней показало, что не все рядовые люди различают такие, казалось бы, диаметрально противоположные понятия, как интернационализм и шовинизм, как патриотизм и космополитизм, не отличают понятия национального от национализма. В сознании многих - между ними просто поставлен знак равенства.

Нет сейчас возможности вдаваться в подробный анализ действительности, все же приведу один факт для размышления. Это касается недоработок органов народного образования. Никому не секрет, что в школах с русским языком обучения казахский язык преподается формально, факультативно, в основном только для казахских детей. Родители остальных, да и учителя, считают, зачем забивать голову ребенку якобы ненужным языком. Тем самым, мы отказываемся воспитывать уважение в детях к языку, культуре коренного населения, т.е. по сути противоречим интернационалистским положениям в политике партии.

Борьба с проявлениями национализма не будет эффективной, если задеваются легкоранимые национальные чувства народа. Вспомните историю борьбы партии против великодержавного шовинизма и местного национализма, трактовку партии о том, что национализма порождает шовинизм. Пережитки этих уклонов к сожалению и ныне имеют место. Поэтому, во-первых, надо помнить, что учет и заигрывание с национальными чувствами - совершенно разные вещи. Во-вторых, надо помнить, что с каждым уклоном, будь то национализм представителей большой нации, или это национализм представителей малой нации, боролись против них коммунисты соответствующей нации, боролись так, как мудро учила партия. Это нам надо помнить. Мне глубоко запали в душу слова русского казахстанского писателя, произнесенные им на пленуме Союза писателей и обращенные против схематичного понимания интернационализма. Немало многонациональных деревень в республике, говорил он, и в какой бы из них ни пошел, среди рядом живущих - казах знает обязательно два языка, немец - три, а русский - один. Самомнение, сознание некоей исключительности, говорил он, не позволило нам воспринять своевременно известную книгу Сулейменова. Не буду дальше вдаваться в подробности, но когда эти отрицательные качества, самокритично вскрытие этим мыслителем, обнаружатся в обывателях, в людях с мелкой душой, нетрудно представить себе последствий в национальных взаимоотношениях.

Сближение и слияние наций - это записано в Программе партии. Но партия не отрицает, что это исторически долгий процесс. Все же мы, практические работники, так захвачены перспективой слияния наций, что проявляем порою в своих действиях неоправданную спешку. Торопливость и поспешность в сближении и слиянии наций может лишь повредить делу полного и окончательного утверждения доверия между народами. Ленин указывал, что прочного союза народов нельзя осуществить сразу, до него надо доработаться с величайшей терпеливостью и осторожностью, чтобы не испортить дело, чтобы не вызвать недоверия.

Тем более не помогает этому делу кнут.

В эти дни, все коммунисты и комсомольцы, попавшиеся в руки органов в периоды облав, беспрекословно исключаются из партии и из комсомола. Устраиваются допросы, товарищеские суды, а тех, кто не выпущен еще на волю, очевидно, ждут настоящие суды. Поскольку мы не рядовая партийная организация, а партийная организация аппарата Президиума Верховного Совета республики, я вношу такие предложения: 1/ надо отбросить всякую предвзятость при рассмотрении дел участников демонстрации, отбросить во имя будущего, отличать обманутых от подстрекателей. Их лучше и правильно - не наказывать, а просвещать и воспитывать. 2/ необходимо строго стпросить с тех, кто особо усердствовал, находясь в рядах блюстителей порядка - солдат, милиционеров, дружинников, также с городских обывателей и хулиганов, и также вести с ними воспитательную работу в интернационалистском плане.

Резюме такое: сам факт обращения ЦК партии, Совмина, Президиума Верховного Совета республики правильный. Мудро поступила партия, четко раскладывая это явление по полочкам в сообщении ТАСС. Наша задача - всемерно способствовать дальнейшему укреплению дружбы народов, помочь еще более тесному сплочению всех слоев населения вокруг партии во имя коммунизма».

Әдеттегідей бас шұлғу рәсімімен өтуге тиіс партия жиналысында бұл сөздің айтылуы парламент төралқасы аппараты коммунистеріне төбеден жай түскендей әсер етті. Көпшілігі іштен тынып, әліптің артын бақты, ал солақай шолақ белсенділер ахуалға сергек бейімделіп, менің "қиғаш" пікірлерімді нысанаға алу арқылы көзге түсіп қалуға тырысып жатты.

Қатардағы Шульга деген жауапты қызметкер «саяси тұрғыда осынша қауіпті Қойшыбаевпен бұдан былай қайтіп қатар қызмет атқаратынын» білмей «қиналды». Бөлім меңгерушісі Дунаев қарамағындағы қызметкерінің есімі мен әкесінің атын аса бір жылы ілтипатпен атап, оның «бейсаяси сөзді елеусіз қалдырмай, шешімді түрде тойтарыс берген белсенділігіне» ризашылығын білдірді, партия комитеттері алдында солқылдақтық көрсетпей, менің осынау күмәнді сөзіме саяси баға беру керектігін сөзінің соңында шегелей кетті. Қатардағы жауапты қызметкер Зубченко коммунистерді менің сөзімнен «батыл түрде іргені аулақ салуға» шақырды. Бөлім меңгерушісі Жабағина да өзінің сол күндері әлдебір облыс орталығында қайдағы-бір шіп-шикі балалардың көшеге шығып көтерілгеніне тойтарыс беруге қатысқанын аян етіп, әлгі белсенді әріптестері нобайлаған төңіректе ұрандатты.

Обалы нешік, жиналыс соңында баяндамашы, Жоғарғы Кеңес Төралқа Төрағасының орынбасары Чернышев менің сөзіме тоқталып, біраз кемшілікті орынды ашқанымды мойындады. Басшымыздың  ондай салиқалы талдамасы, алайда, саяси белсенділіктері ойда жоқта керемет серги өрлеп кеткен қызметтестеріме аса әсер етпеді. Олар менің  қолымнан сөзімнің жазбаша мәтінін «қырағылықпен» қағып алды да, машинкаға бастырып көбейтіп, тиісті орындарға жөнелтіп жатты...

 

Жалғасы бар...

0 пікір