Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2019
Жаңалықтар 2006 0 пікір 30 Қазан, 2009 сағат 06:45

Павлодар облысының прокуроры өзінің қызметкері пара алу үстінде ұсталғаннан кейін қызметтен кету туралы өтініш жазды

Павлодар.. 30 қазан. ҚазТАГ – Павлодар облысының прокуроры Нұрмахан Исаев жұма күні қызметтен кету туралы рапорт жазғанын мәлім етті. Оның айтуынша, ол бұл шешімді өзінің қызметкері – Ертіс ауданы прокурорының парамен ұсталғанына байланысты қабылдаған.

Аудандық прокуратураның басшысы Бауыржан Жәшеновты ҰҚКД қызметкерлері дүйсенбі күні 26 қазанда пара алу үстінде қолға түсірген. 29 қазанда тергеушінің күдіктіні қамауға алуға санкция беру туралы өтінішін облыс прокуратурасы қолдады.

«2009 жылдың 12 қазанында облыстық ҰҚКД-ге бір азамат келіп, Ертіс ауданы прокурорының заңға қайшы әрекеттеріне шағымданған. Аудан прокуроры Жәшенов 26 қазанда түнде осы азаматтан 3000 АҚШ долларын алу барысында ұсталды. Сол күні ҰҚКД тергеушісі осы оқиға бойынша ҚК 311 бабы бойынша қылмыстық іс қозғады», - деп мәлім етті Н. Исаев. 

Нұрмахан Исаев 27 қазанда қадағалаушы орган қылмыстық істі қозғаудың заңдылығын тексерген.

«Оның айыптылығын сот шешеді. Бірақ оқиға болғанына көзім жеткенде, сол күні бас прокурордың атына қызметімнен босату туралы рапорт жаздым. Бұл шешімді осыдан екі апта бұрын қабылданған прокуратура қызметкерлерінің ар-ождан кодексін басшылыққа ала отырып, моральдық-әдем тұрғысынан қабылдағанымды айтқым келеді. Қызметте қалуыма моральдық құқығым жоқ. Енді шешімді бас прокурор қабылдайды», - деді ол журналистерге.

Н. Исаев «Жәшенов тарапынан осындай қиындықтардың бар екенінен бейхабар болғанын» атап көрсетті. Оның айтуынша, бұл адам прокуратурада 12 жылдан астам уақыт қызмет еткен. Ол Успен ауданының прокуроры болған, 2004 жылдың желтоқсанында Ертіс ауданының прокуроры болып тағайындалған. Биылғы жылы Жәшеновтың бес жылдық конституциялық мерзімі аяқталады.

«Оның конституциялық мерзімінің аяқталуына байланысты бізде жоспарлы тексеру жүргізілді. Бүгін алқа отырысы өтуге тиіс еді, осы алқа шешімінің жобасы бойынша біз Жәшеновты жаңа мерзімге ұсынбау туралы алдын ала шешімге келген болатынбыз, бірақ үлгере алмай қалдық», - деп атап көрсетті прокурор.

Н. Исаевтың өзі Павлодар облыстық прокуратурасын үш жарым жыл басқарып келеді.

0 пікір