Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3275 0 пікір 29 Қазан, 2009 сағат 08:00

Редакцияның мәлімдемесі. Abai.kz ақпараттық порталына DoS-шабуыл жасалды!

Құрметті, abai.kz ақпараттық порталының жанашырлары!

2009 жылдың 29 қазан күні  abai.kz ақпараттық порталына DoS-атака жасалды.

Сондай жойқын шабуылдың салдарынан сайт бірнеше сағат бойы ақпараттық кеңістіктен көрінбей қалуға мәжбүр болды. Оқырмандар мен тұтынушылар сайтқа кіріп, тиісті ақпаратын алу мүмкіндігінен айырылып қалды. Алайда сайт ұжымы мен сайтқа қызмет жасайтын хостинг компаниясының біріккен табанды жұмысының нәтижесінде сайт үш сағаттың ішінде іске қосылды. Барлық ақпараттар мен оқырмандардың пікірлері сақтаулы.

Біздің пайымдауымызша, сайтқа осындай жойқын шабуыл жасауға сайт редакциясының саяси ұстанымдары себеп болған сияқты. Біздің сенімді ақпарат көздеріміз сайтта көтерілген ескерткіштердің тағдырына байланысты мәселенің Астанада қызу талқыланып жатқанын, алайда осы тақырыптың қоғамдық талқыға түсіп кеткенін биліктегілердің аса жақтырмай қарсы алғанын айтып отыр. Әрине, бұл сайтқа биліктің тапсырмасымен шабуыл жасалды деген сөз емес, әйткенменде «Құдайсыз қурайдың басы сынбайтынын» да естен шығармайық.

аbai.kz ақпараттық порталының ұжымы

0 пікір