Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3472 0 пікір 29 Қазан, 2009 сағат 06:54

Жамбыл облысындағы қылмыстық жанжалда жергілікті ҰҚТ лидері мен оның сыбайласы өліп және бірнеше адам жарақаттанды

Тараз. 29 қазан. ҚазТАГ– Жамбыл облысындағы Мойынқұм селосында «Бақ-Дәурен» кафесінде қазанның 23-нен 24-іне қараған түні орын алған қылмыстық жанжал, жергілікті ұйымдасқан қылмыстық топ (ҰҚТ) лидері мен оның сыбайласының өліміне әкелді және бірнеше адам жарақаттанып, ауруханаға түсті. Бұл туралы агенттікке Жамбыл облысының ІІД-і хабарлады.

«Бір компанияда тынығып отырғандар арасында туындаған жанжал кезінде 10-15 адам төртеуіне жабылып, соққыға алған. Олардың біреуі ауыр жарақатпен аурухана жеткізіліп, ал үшеуін Шу бағытындағы далаға апарып өлімші қылып, таспен, арматурамен соққылаған», - дейді болған оқиға туралы облыстық ІІД қызметкерлері.

Төбелес нәтижесінде оқиға орнында 28 жасар жергілікті ҰҚТ лидері мен оның 25 жасар сыбайласы қаза болып, ал тірі қалған 22 жасар үшіншісін жол шетінен ауыл тұрғындары тауып алып, ауруханаға жеткізген.

Департамент қызметкерлері сол түні арнайы топ құрып, бірнеше сағаттан соң қылмыскерлерге шыққан.

«Негізінен Мойынқұм ауданының жастарынан тұратын қылмыстық топ кәсіпкерлер арасында қорқытып ақша алушылық және есірткі саудасымен айналысқан. Осы оқиғаның алдында ғана ҰҚТ мүшесі 50 кг марихуанамен қолға түскен. Олардың жетеуін ізін суытпай ұстадық, қалғандарын іздестіріп жатырмыз. Оларға «адам өлімі» бабы бойынша қылмыстық іс ашылды», - дейді департаменттегілер.

Полицияның бір болжамы бойынша, банда мүшелерінің арасындағы жанжал ықпал аймағына талас үшін болған.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1572
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2267
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3568