Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3138 0 пікір 29 Қазан, 2009 сағат 06:52

Жамбыл облысындағы жол-көлік апатында ауған дипломатының отбасы зардап шекті

Алматы. 29 қазан. ҚазТАГ – Ауғанстан Ислам Республикасының Қазақстандағы елшілігі кеңесшісінің дипломаты сейсенбі күні Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында болған жол-көлік апатында зардап шекті. Бұл ақпаратты агенттікке Ауғанстанның ҚР-дағы елшілігі қуаттады.

Белгілі болғанындай, 47 жастағы Моейн Моейннуддин, оның жұбайы және екі қызы Алматы-Астана автожолының 324 шақырымында таңғы сағат 10-да жол-көлік апатына ұшыраған. Олар келе жатқан Lexus аударылған.

«Жаңбыр жауып тұрғандықтан, жол тайғақ болған. Ол жердегі жол тар болуы керек, көлік шығып кеткен (кюветке -ҚазТАГ)… Lexus оның (кеңесшінің – ҚазТАГ) жеке көлігі, онымен өзі ғана жүреді», – деп түсіндірді АИР-дың Қазақстандағы елшілігінің қызметкері. Олар қазіргі уақытта дипломат қыздарымен бірге Алматы емханаларының бірінде ем қабылдап жатқанын жеткізді.

«Қазір ғана білдім, олар жеңіл жарақат алған, еш жерлері сынбаған. Қазір олардың ахуалы тұрақты, жақсы. Кеше ғана ауыр деп бағалаған болатын, бірақ Алматыға жеткізгеннен кейін нақты диагноз қойылған болуы керек... Оның әйелі мүлдем зардап шекпеген», – деп нақтылады елшіліктің өкілі.

ТЖМ-нің ресми ақпаратына сәйкес, ауған дипломатының отбасына «Апаттар медицинасы орталығы» МБ-ның 4 дәрігері, 3 жедел жәрдем көлігі көмек көрсеткен, сондай-ақ, «Қазавиақұтқару» тікұшағы зардап шеккен шетелдіктерді 17 сағат 30 минутта Алматыға жеткізді.

0 пікір