Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3146 0 пікір 28 Қазан, 2009 сағат 10:55

Кеден одағын құру отандық өндірушілердің ішкі нарықтағы жағдайына кері әсер етпейді – ҚР индустрия және сауда вице-министрі

Алматы. 28 қазан. ҚазТАГ – Ақжол Сәдешов. Кеден одағын (КО) құру отандық өндірушілердің ішкі нарықтағы жағдайына кері әсер етпейді және олар ресейлік немесе белоруссиялық импорттан қауіптенбеуге тиіс, деп есептейді ҚР индустрия және сауда вице-министрі Жанар Айтжанова.

«ДСҰ-ға кіру бойынша келіссөздер барысында Қазақстанда өндіріс секторы әлсіз дамығанын ескергенде, бізге экономикасы дамыған елдерден тауарлар ағыла ма деген сауал жиі қойылды. Қазір Кеден одағын құру кезінде де осындай сұрақ қойылуда, бірақ көршіміз Ресейдің дамыған экономикасына сілтеме жасалуда», - деді ол сәрсенбі күні «Кеден одағы – жаңа шындыққа қадам» тақырыбындағы дөңгелек үстелде.

«Біздің елдердің арасында еркін сауданың экономикалық аймағы бар екенін атап өткім келеді, ол тауарлардың еркін қозғалысын, яғни біздің елдердің арасында салықсыз сауданы қарастырады. Кеден одағы құрылғанда жағдай күрт өзгереді, біздің тауар өндірушілер ресейлік немесе белорусиялық импорттан қауіптенбеуге тиіс. Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің арасында бірыңғай кедендік реттеу енгізіледі, ал КО-дағы бірыңғай кедендік салықтар үшінші елдерге қатысты ғана қолданылады», - деді Ж. Айтжанова.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3551