Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3593 0 пікір 28 Қазан, 2009 сағат 07:33

Үлкендер неге үнсіз?

Бас тақырыпта тұрған Ашық хатқа келіп түскен мына бір пікір бізді әсте бей-жай қалдыра алмады. Расында, жас толқын шырылдап үн қатып, тарихи әділеттілікті талап етіп жтқанда аға буын неге тіл қатпайды? Неге үлкендік жол көрсетпейді?  Пікір иесінің ашына жазған хаты бізді осындай ойға жетеледі. Ол былай дейді:

Монументтің екінші рет (!!!) ашылуында Әбіш Кекілбаев, Шерхан Мұртаза ағаларымыз бен қатар осы АБАЙ КЗ доктринасынын авторларының бірі Бекболат Тілеухан да көсіліп, сезімге беріліп сөз сөйлеп еді... Бұл әрекеттерінен қазақта зиялы қалмады деген пайымнан басқаға келе алмайды екенсің. Қазақта сөз бар ғой "Сенген қойым сен болсаң" деген. Сенген арыстарымыз өздерің едіңдер. Білместіктен болса кешірерсіздер. Дегенмен білмей қалуларыңыз екіталай. Мұхтар Шахановтың даусы әлі шықпай жатыр ғой. Әншейінде ұлттық партиямыз деп мінберді тоқпақтайтын Жармахан Тұяқбай, Болат Әбілев, жаңадан қатарға қосылған тұңғыш ғарышкер қазақ Тоқтар Әубәкіровтер қайда? Әлихан Бәйменов қайда? Мен ұлтшылмын деп жар салып жүретін қазақтың өнер майталмандары қайда? Неге осындай үнсіздік? Ешкімге ештеңе керек жоқ сияқты... Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы неге үнсіз? Адамнан бұрын аруақтан, құдайдан қорықса нетті. Қоғамдық бірлестіктер, саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, жастар қозғалыстары, барлық азаматтық қоғамдық институттар неге үнсіз? Ұлт деген журналистерге ғана керек пе?

Ал енді әрқайсымыз ұсыныс жасап көрелік. Ашық хатқа зиялы қауымның арасынан, саяси партия серкелерінен кімдер қол қойсын? Кімдерді атайсың, құрметті оқырман?

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3532