Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3944 0 пікір 28 Қазан, 2009 сағат 06:43

Егемендіктің ерегі

Біздің санамызда егемендік туралы түсініктің қасаңдалған сыйпаты бар. «Ел егемен болу үшін оның мемлекеті, жераумағы, әскері т.т. болу керек» деген. Алайда, егемендікті еректейтін аталған нышандардың бәрі де бола тұрып, егеменбіз деуге қымсындыратын жайттар жеткілікті бізде. Мәселен, тәуелсіздік алғалы жыйырма жылға жуықтаса да, өз жеріміз мен өз еліміздегі тіліміздің жағдайы белгілі. Ал, Астананың көшесінде жүрген мына бір мемлекеттік нөмірі бар (7501 БӨА) «Тойота» автокөлігін (суретте) қазақы әріптеріне қарап, Қазақстандікі дей алмайсыз. Бірақ, бір қарағанда, көкейдегі  көл сезімді бүлк еткізетін бұл көрініс егемендікке әлі де қаншалықты қарайтынымызға, оның қызығын қаншалықты көріп отырғанымызды амалсыз еске түсіреді. Осыны көріп отырып, сондағы еркін қазақтан да, сол жерімізден де бас тартпай-ақ қойсақ қайтеді? - деген ой да келеді.

Әлемдік үдерістің асау жалына жармасумен келе жатқан Қазақстан, оны бағындыра алмай, барған сайын өз келбетінен ажырап бара жатқандай. Мәселен, мына қазақтың көлігі тіркелген мемлекет те қазақ даласының бір пұшпағын иеленіп отыр. Алайда, сол мекендегі қазақтың  «егемендігі» Қазақстандағыдан анағұрлым еңселі деуге негіз осы. Бірақ, бұндағы қазақтар да, ел егесі болып отырған ұлт та жаһаннан  қалып, сорлап отырғаны немесе біздің олардан озып кеткеніміз шамалы. Тіпті, бұл мемлекеттің автоайдаушылары (ежелгі ат, арба «айдаушы» сөзін, жасанды «жүргізушімен» де алмастырып тастадық) латын емес нөмірсіз жүрсе де, ешбір шетелде жапа шегіп жатқан жоқ. Ұлы даланың арғымағындай ағып бара жатқанын қараңызшы!

Құрметті оқырман! Көрдіңіз ғой, бір ғана автонөмірдің өзінде қаншама саясат, қаншама мән жатыр! Ал, енді бұл «арба» қай елдің қазағына тиесілі екенін өзіңіз табыңыз.Осыған қарап, қазақ қай елде дербес өмір сүруде деген сұраққа жауап табуға болады.

Елсерік. Астана

0 пікір