Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2674 0 пікір 19 Қазан, 2009 сағат 07:00

Инернет-конференция (жалғасы)

Тәуелсіздігімізге 17 жыл болғалы саяси және оппозициялық басылымдар сіздіңше қазақ халқын қаншалықты сауатты етіп, көзін аша алды? Оқырмандарыңыз бір саяси жағдай бола қалса бірігіп, бас көтереді деп ойлайсыз ба? Жалпы, оппозициялық басылымдар қандай оқырман қалыптастырды? Өз мемлекетіне, ертеңіне сенбейтін, билікті жек көретін аудитория қалыптастырудың салмағы, соңы қалай болмақ?
Жансая Сыдықбай, Астана қаласы.

Халықты «сауатты ету» мен «көзін ашу» мәселесінің өлшемі қаншалықты екенін үлкен бір ғылыми-практикалық конференцияның көмегімен анықтау керек сияқты. Жеке менің пікірімді сайттың комментаторлары сан-саққа жүгіртері анық. Бұл орайда бір мысал келтірейін, соның өзінен оппозициялық басылымдардың қоғам өміріндегі рөлін көруге болатын шығар. Мәселен, елдің жоғары саяси билігі жемқорлық шырмауына тап болғанын, соның салдарынан «Қазақгейт» деген атауы бар бүкіләлемдік қылмыстық іс жүріп жатқанын Қазақстан халқы алғаш рет «ДАТ» және «СолДАТ» газеттерінен оқып білді. Ақпарат деген құдірет қоғамдық пікір қалыптастырудың бірінші алғышарты саналады.

Тәуелсіздігімізге 17 жыл болғалы саяси және оппозициялық басылымдар сіздіңше қазақ халқын қаншалықты сауатты етіп, көзін аша алды? Оқырмандарыңыз бір саяси жағдай бола қалса бірігіп, бас көтереді деп ойлайсыз ба? Жалпы, оппозициялық басылымдар қандай оқырман қалыптастырды? Өз мемлекетіне, ертеңіне сенбейтін, билікті жек көретін аудитория қалыптастырудың салмағы, соңы қалай болмақ?
Жансая Сыдықбай, Астана қаласы.

Халықты «сауатты ету» мен «көзін ашу» мәселесінің өлшемі қаншалықты екенін үлкен бір ғылыми-практикалық конференцияның көмегімен анықтау керек сияқты. Жеке менің пікірімді сайттың комментаторлары сан-саққа жүгіртері анық. Бұл орайда бір мысал келтірейін, соның өзінен оппозициялық басылымдардың қоғам өміріндегі рөлін көруге болатын шығар. Мәселен, елдің жоғары саяси билігі жемқорлық шырмауына тап болғанын, соның салдарынан «Қазақгейт» деген атауы бар бүкіләлемдік қылмыстық іс жүріп жатқанын Қазақстан халқы алғаш рет «ДАТ» және «СолДАТ» газеттерінен оқып білді. Ақпарат деген құдірет қоғамдық пікір қалыптастырудың бірінші алғышарты саналады.

Ал енді «әлдебір саяси жағдай бола қалса, оқырмандарыңыз бірігіп, бас көтереді деп ойлайсыз ба?» деген сауал қаншалықты қызғылықты болса, соншалықты сауатсыз, Жансая шырақ. Біріншіден менің оқырмандарымның басы бірігуі маған тіпті де қажет емес және ол мүмкін де емес. Ауылдағы Ауғанбай шалдан бастап, Назарбаевтың өзіне дейін менің оқырмандарым болса, олардың басы қалай бірігуі мүмкін? Оқырмандар арасында сот та, прокурор да, «чекист» те, мұғалім де, банкир де, т.т. бар. Бұлардың басы бірігіп, бас көтереді деген қисынға сия ма, айтшы қарындасым?

Сол сияқты «оппозициялық басылымдар қандай оқырман қалыптастырды» деген сауалға да бас қатырып көрмеппін. Анығында бұл мәселе маған аса маңызды емес, себебі қазіргі ақпарат коммуникациясы дамыған заманда, бірер басылым қоғамдық ортада басым пікір қалыптастырады дегенге сену қиын. Меніңше, осы ақпарат тасқыны арасында оқырман (адам, азамат) өзін өзі қалыптастыруы керек шығар. Әйтпесе жынды болып кетуің ғажап емес...

Жансая, сұрағыңның соңы тіптен қызық. «Өз мемлекетіне, ертеңіне сенбейтін, билікті жек көретін аудитория қалыптастырудың салмағы, соңы қалай болмақ?» дейсің?!  Бұл арадан кінарат іздеу қажет болса, «өз мемлекетіне, ертеңіне сенбейтін» аудитория қалыптастыруға  бірінші кезекте биліктің өзі кінәлі. Оппозициялық басылымдарда жарық көретін материалдар Марстан келіп жатқан жоқ қой. Оларды жемқор, ұры, қылмыскер, жексұрын, әділетсіз биліктің өзі жасап жатыр. Сөйте тұра өзінің ашылып қалған артын жабу үшін тәуелсіз газеттерді қудалайды, соттайды, журналистерін қамайды. Осы жағдайдың «соңы қандай болмақ» деген сауалға сол биліктің өзі бас қатыруы керек. Бұл - биліктің миссиясы, қандай да бір мемлекеттік басшылықтың мүддесі (дұрысы - «предназначение» деген ұғымның аудармасы).

Біздің билік «мектеп пен аурухана салып жатырмыз, пенсия беріп жатырмыз, ВВП-ны өсіріп жатырмыз, жұмыс орынын ашып жатырмыз, т.т.» деп, кеуде қаққанда, көкірегінен от ұшқындайды. Апырау, осылардың бәрін істемесе, бұл билік басқа не істемек?! Оны істемесе, бұл биліктің бізге тіптен де қажеті бар ма!?

Егер билік халықтық мүдденің алтын қазығын таба алмайтын болса, немесе осы жарымес бетімен кете берер болса, расында да оның соңы жақсы болмайды.

 

Егер майда-шұйданың барлығын алып тастаса, сіз басқарған газеттер қазақ қоғамы, қазақ журналистикасы үшін не берді деп ойлайсыз?  Қандай жаңалықтар аштық деп пайымдайсыз? Дат жобасының мектебі қалыптасты деп айта аласыз ба?
Ерлен

Ерлен, меніңше бізде ауыз толтырып айтарлық «қазақ қоғамы, қазақ журналистикасы» бар ма? Қоғамыңның қандай екенін президентінің бірінші кезекте орысша сөйлеуге бейім екендігінен көре беріңіз. Қазақ журналистикасының қандай екенін облыс әкімін сынауға қауқарсыздығынан көре беріңіз. Сынау - міндет емес. Бірақ баспасөз билікке балама ой-пікірдің ордасы бола білуі керек. «Төртінші билік» деген ұғым осыдан туса керек. Ал сол биліктің біздегі ұсқынын білу үшін «Егеменді», «Айқынды», «Қазақ әдебиеті» газеттерін ашып қараңыз, «Хабар» мен «Қазақстан» телеарнасының әйнегінен қазіргі қазақ журналистикасының жағдайын біле  беріңіз.

Ал «қандай жаңалық аштыңыз» дегенге келер болсақ, менің ойымда жаңалық ашу мақсаты жоқ. Жаңалық ашатындай мен ғалым немесе жазушы емеспін. Біздің тірліктің «ежелгі кәсіп» деген тағы бір атауы бар екенін ескерсек, журналистика саласындағы барлық жаңалық сол ежелгі заманнан бері әлдеқашан ашылып қойған.

«ДАТ» жобасының мектебі қалыптасты ма деген сауалға менің берген жауабын ретсіз болады. Оны басқалар айтсын. Бірақ сол айтқыштар «ДАТ» -тан кейін «Республика», «Сөз», «Свобода слова», «Взгляд», «Қазақстан» газеттері пайда болғанын ұмытпаса екен деймін-дағы...

 

Абайшылап айтатын болсақ, сіздің түсінігіңізде "қай бес нәрсеге асық болу керек", "қай бес нәрседен қашық болу керек"?
Абайшыл жан

Әттең, Абай атам сияқты бес жақсы мен бес жаманда дөп басып айтар болсам, бүйтіп жүрер ме едім?!.. Дегенмен, бүгінгі заманның бес жақсысы: білім, біліктілік (компетентность), профессионализ, мейірімділік және әділеттілік деп білем.

Ал жаманның бесеуін емес, біреуін ғана атайын. Ол - исламды иманға айналдыру (ислам фундаментализмі) үрдісі. Бұл қазақтың болашағына қатты қатер бола ма деп қауіптенем. Сонау 19-шы ғасырда Шоқан Уәлиханов қазақтың кең даласын ислам жайлап бара жатқанына қатты алаңдап, ақыры Ресей патшасына хат жазуға мәжбүр болған екен. 19-шы ғасыр демекші, таяуда менің бір жақсы бауырым Ерлан Сайыров маған «Кунсткамера қорларынан» деген кітап сыйлады. Соны ақтарып отырып, осыдан бір ғасыр ғана бұрын қазақтың қыздары басына үкілі тақия мен сәнді сәукеле кигенін, жігіттері - қияқ мұрт, сәнді сақал қойғанын көріп, бүгінгі қыздарымыз әдемі көркін хиджабқа қымтап, жігіттеріміз қаба сақалға тұншығып, өңсіз шапан мен далбиған дамбалды ұлттық мүддеге айырбастап бара жатқанын еске алдым.

Біздің кең даламызға исламның келгеніне небәрі екі ғасырдан асар-аспас уақыт болды (Мен бұл арада Хорезмшахтың езгісінде болған, өзбекке тақау оңтүстік өңірді есепке алып отырған жоқпын). Ал оның алдында қазақ қазақ болғалы мыңдаған жылдар бойы мәңгілік көк аспанға табынған тәңіршіл ел едік. Енді не болып барамыз? Неге біз екі жүз жылдың ішінде өзгеріп кеттік? Тарихтың уақытымен салыстырсақ, екі жүз жыл деген қас қағым сәт емес пе.

Көпке топырақ шашпаудың әлпетімен айтар болсам, исламның таза тұрқына табыну - әркімнің  өз еркі болса керек. Бірақ мыңдаған жылдық тегі тәңіршілдікпен қалыптасқан қазақтың исламға ессіз иіліп кеткені алаңдатады. Бүгінгі жастар осыдан қашық болса екен деп армандаймын.

 

Елімізде Қазақстан азаматттарын әсіресе, қазақ тіліне мұрын шүйіріп қарайтын қазақтарды қандай тәсілмен, нендей айламен, қандай жолмен қазақша сөйлетуге болады, болса ол қанша уақытта іске асуы мүмкін деп ойлайсыз?

Адам бойына имандылықты орнықтыру үшін қандай тәрбие берген дұрыс және қай жастан, қай жерден бастаған жөн деп есептейсіз?

Қазақ тілін білмей шетелде оқып жатқан қазақ азаматтары туралы нендей пікірдесіз?

Советхан.


Бұл мен білетін Советхан ба? Кім болсаң да айтайын, менің бір Советхан деген досым бар. Мемлекеттік қызметтің биік төрінде жүрген жігіт. Бірақ, ол билікпен былғанбаған, ары да, жаны да таза, әділетсіздік десе аза бойы қаза болатын азамат.

Бірде мен сол досыма тағы бір жолдасымның шаруасына жәрдем жасашы деп, қолқа салдым. «Азын-аулақ ақшасы бар екен, шаруасын тындырып берсең қарызға қалмаймын деп отыр» дедім. Осыны айтып едім Советханым быт-шыт болды. «Сен не деп отырсың!» дейді маған көзі ежірейіп. «Беретін ақшасы бар екен...» деймін мен сасқалақтап. Сонда Советханның маған айтқаны: «Ермұрат, сен өзің не үшін күресіп жүрсің!? Әділетсіздік пен заңсыздыққа, жемқорлық пен қиянатқа қарсы емес пе едің, енді мені неге сол қылмысқа итермелейсің, ә!».

Сасып қалдым. Бұл жолдасымнаың аманаты еді, сол аманатты сол қалпында жеткізіп отырмын деп, әрең дегенде құтылдым. Расында әлі құтылған жоқпын, күні бүгінгі дейін анда-санда бетіме басып қояды.

Міне, имандылықтың үлкен үлгісі осы шығар деп ойлаймын. Ал қазақ тілінің мәселелсі Болат ағам Атабаев айтпақшы, Бен Ладен болып кетті ғой, не ұстатпайды, не бітіп болмайды.

Мен бұл сауалға интернет-конференцияның ұзына бойында өзімше жауап берген сияқтымын. Қазақты қазақша сөйлету үшін ешқандай айла керек емес. Прибалтика елдері мен Украинадағы сияқты тіл культін қалыптастырса болды. Президенттің жарлықтары мен үкіметтің қаулылары қазақша шығып, қажет болса аударып алыңдар десе, ертең орыс та, басқа да қазаққа «құл» болар еді.

Ал имандылықты оқыту жағынан мен «спец» емеспін. Бұл жағынан өзімнің білімім тапшы. Білетінім - жүректің астында бір мәйек жатуы керек. Ол иманның мәйегі ме, әлде басқа бір атауы бар ма - оны да біле алмадым. Егер ол мәйек болмаса, адамға иман да, басқа да қона қоюы қиын шығар.

 

Ереке, "қара жер хабар айтшы, бауырыма" деп хат жазған Алтынбек Сарсенбайұлының мұрасына деген көзқарасыңызды айтыңызшы. Ол шынымен оппозиция көсемі ме еді? Алтынбек қайтыс болғанда ол қызметте жүргенде қасында болған жолдастары неге жоқтамады? Артынан неге іздемеді? Сіз сияқты "қара жер хабар айтшы, бауырыма" деп жоқтай алмаған жанында жүрген журналист достары туралы не айтар едіңіз? Достарының бүгін Алтынбектің идеяларынан бас тартып, НұрОтанға өтіп кеткендеріне қарап, Алтекең адам тануда, жолдас алуда қателескен екен деген пікірге қалай қарайсыз? Замандасы ретінде ағынан жарылып тұрып айта аласыз ба? Осы жағыдайға баға бере отырып, құлқындарының құлы болып кеткендердің аттарын атай аласыз ба? Біз осыдан қандай ой түйіп, қандай қорытынды жасауымыз керек?
Сәлеммен замандасың Кеңесхан.

 

Кеңесхан замандасым, сен бітеу жараның бетін тырнап тұрсың-ау... Оның үстіне сен бір емес, тоғыз бірдей сұрағыңмен тұтас бір ғылыми-зеттеу еңбегінің тақырыбын қозғап отырсың. Мен сенің осы тоғыз тақырыбыңды сол қалпында өзімнің архивіме көшіріп қойдым. Сәтті күн туғанда, осының бәрін тарқатып айтып берермін.

Ал әзірге мынаны айтайын: мен «Қара жер, хабар айтшы, бауырыма» деп, өзің айтқандай жоқтау жазғанда, арманда кеткен азаматты зердеге тұтудың бір ғана талпынысын жасадым. Алтынбекті көп білетін жора-жолдастарын әңгімеге шақыруға тырыстым.

Рас, Алтынбек биліктің ең биігінде жүрді, сол биліктің беріктігін сақтайтын идеологияны жасаушылардың бірегейі болды. Бірақ, осының бәрін тәрк етті, тастап кетті. Егер ол менің Сарыбай құдам сияқты әліптің артын бағып жүре берсе, бүгін де сол «биігінен» түсе қоймас еді. Алтынбектің рухына сол үшін де бас ию қажет шығар. Халықтық мүддені өзінің қарақан басының қамынан жоғары қоя білу - осы болады.

Мен кезінде сол биікті тастап кеткен Әкежан ағама еріп кеттім. Кейіннен сол биікті тастап кеткен Ғалымжанға да, Жармахан мен Төлеген ағаларға да, Болат Әбілев пен Мұхтар Әбіләзовке де әріптестік көмегімді беруге тырыстым. Егер ертең Иманғали да сөйтетін болса, ол қайынағама да қомқоршыл қошаметімді көрсетер едім (егер қажет десе).

Бұның бәрі сенің «қандай қорытынды жасауымыз керек?» деген сауалыңнан туындайды. Қорытындысы - ел шетіне шығуға асыққан азаматтың туын көтеруге көмек ете білуіміз керек. Сонда Иманғалилар мен Сарыбай сияқтылар ертеңгі күні далада қалмайтынын түйсіне алады деп ойлаймын. Сонда олар жоянның жойқындығана қарсы тұрар қауһар көрсете алады, артындағы қалың елі жігерін жанады.

Біздің бір кінаратымыз - бас көтерген азаматқа атқосшы бола алмайтынымызда. Күншілміз, міншілміз. Халқына қарайлас қимыл қылған қайсардың бұрынғы қателігін кешіре білмейміз. Кезінде біз Әкежан «жеп кетті» деп даурықтық. Оның «жеп кеткенінен» үңірейіп қалған қуыс қайсы?!  Бүгінгі жеп жатқанның жұмырын жаба алмаймыз, оған жағымсимыз, жалбақтаймыз, көсем көреміз, орден мен атақ-дәреже дәметеміз.

Міне біздің білмей жүрген қорытындымыз осы болса керек.

 

- Ермұрат мырза, оппозициялық басылымдардың көбі тек қана бір жақты пікір білдіруге неге құмар? Оның себебі неде деп ойлайсыз?
- Қазақстанның бүгінгі саяси элитасы туралы пікіріңіз қалай?
Гульшаһар Хасанова

 

Гүлшаһар, жаным-ау, «көбі» дегенің қайсы?! Жалғыз қалған «Свобода слова» газеті ме? Олар тіпті де көп емес еді-ау! «Тасжарған» мен «Республика» жабылған соң не қалды?! «Жас Алаш», «Свобода» және «Қазақстан» үшеуі ме? Мәдениет және ақпарат министрлігінің айтуы бойынша елде үш мыңнан астам БАҚ бар екен. Соның ендігі қалған үшеуі көп пе?! Үш мыңнан астам БАҚ-тың бір жақты жазып жатқанына жаның неге ашымайды? Ендігі қалған үшеуін көп көріп отырғаныңа жол болсын, жарығым! Басқа айтарым жоқ, құй - түсін, құй - түсінбе, еркің білсін!

Ал «бүгінгі саяси элита» деген тіркесіңнің «элита» дегені мені қатты ойландырады. «Элита» деген кім? Ол - сұрыпталып шыққан, електен өткен ел ерендері емес пе. Ал біздегі «сұрыпталған» элита елек ұстағанның еркелері ғана. Сондықтан «саяси элита» деген ұғым - бұл салыстырмалы (дұрысы - «относительное») түсінік. Таяуда бір полковник пе, генерал ма, бір облыстың полициясын басқаруға тағайындалды. Сол пақырдың «элиталығы» ел президентіне жақындығымен ғана өлшенеді. Полный компресс!

Елдің ішінде небір білімдар, небір сұңғыла, небір іскер жігіттер сол сияқты компрес-полковниктердің  астында жүр. Осы ма, біздің элита сұрыптауымыз?!

.

Ермұрат аға сізге сұрағым Нұрсұлтан Назарбаев қашан кетеді орнынан?..

Сізге тілейтінім ойға алған жоспарларыңыз табысты болсын. Қазақтың қайсар азаматы деген абройлы атыңызды әрқашан арқалап өтіңіз. Шырылдап шындықты айтуыңызға тілектеспін.

 

Тілегіңізге рахмет, сізді де тәңір жарылқасын!  Ал «Назарбаев қашан кетеді?» деген сауалыңыз өте фәлсәфалық сұрақ болды. Шамасы жуық маңда кете қоймас. Жаратқанның бұйыртқан жасы түгесілмей кетпейтін болуы керек. Кететін адамның түрін көріп жүрген жоқпын. Халықтың батпаққа батқан тірлігі жуық арада түгесілмейтіні жанға батады.

Қазір мен «Назарбаев қашан кетеді?» деген сауалдан бұрын, «осының өзімен біріге елді қайтіп өзгертуге болады?» деген сұраққа жауап іздеп жүрмін. Ақыры кетпейтін түрі болса, текетіреспен не өндіре аламыз? Одан да Назарбаевтың төңірегіне топтасып, оның өзін өзгеріс жасауға мәжбүр етудің мүмкіндігі жоқ па?

Сіз менің бұл ойыма ренжісеңіз де айтайын: басқадай амалды көріп тұрған жоқпын. Оппозиция халықты соңынан ерте алмады. Бәлкім халық оппозицияның соңынан ермеген шығар. Қалай болғанда да Алматы мен Астананың алаңдарын әлеуметтік толқуға толтыра алмадық, азаматтық қозғалыс тығырыққа тірелді. Анығында тоқырап қалды. Енді не істеу керек, айтыңызшы?

Меніңше, президент өзінің ендігі саяси миссиясын осындай қадаммен өлшеуі керек. Халықты тұқыртып ұстаумен оның саяси өмірі мәнді болады деп ойламаймын. Егер ол оппозицияның елеулі серкелерімен тіл табысып, жаңа саяси бағытты таңдайтын болса, оның тарихтағы аты Ататүріктің төңірегіне таяп қалуы мүмкін. Басқаша жағдайда ол тарихта «бірінші президент» қана болып қалады. Астана «Нұрсұлтан қаласы» болып өзгермейді.

 

 

Сізді жұртшылық оппозициялық журналистикадағы қайғы-қасіреттен бизнес жасай қоятын шебер адам деп білетінін өзіңіз байқамайсыз немесе олар байқамайды деп ойлайсыз. (Жеке газет тарататын бизнес компаияңыз бар екенін айтпағанда, халықтан көмек сұрап есеп-шот аша қою, шетелдіктерді жағалап "оппозициялық басылымдарға жеке баспахана ашпасақ күніміз қараң" - деп ақша айналымына өз ТОО-ңызды ұсына қоятын сияқты дүниелер жетіп артылады) Біреудің үйі өртеніп жатса, оған ретін тауып бас үйтіп алуға таптырмайтын пысықайлығыңызды шәкірттеріңізге үйретесіз бе?

Сіздің қарамағыңызда жұмыс істеп ақшасын ала алмаған журналисттер зарлап қаптап жүр, солардың бәрі жиналып үлесін пайызымен талап етсе жасырын байлығыңыздың қанша бөлігі кетеді деп ойлайсыз?

 

Бұл да бір өте дұрыс сұрақтар екен! Мен бұл сұрақтардың иесін біліп отырмын. Оған сұрақтың екінші жартысы жоралғы болады.

Осы орайда Алтынбек марқұм айтып берген бір қызықты жәйт менің есіме түсіп отыр. «Бір күні маған Рахат Әлиев звондады, - деген еді Алтыкең. «Мне попались два журналиста Ермурата Бапи, сейчас они у меня на крючке, давай подумаем, как их использовать против Кажегельдина и их людей» - депті КНБ-ның құлағын ұстаған күйеу бала.

Ол кезде Алтынбек марқұм ақырған ақпарат министрі еді.

«Әрине министр ретінде ондай шансты пайдаланып қалу керек болды - деп, юморы өткір Алтынбек арқамнан қаға күлді. - Содан кейін мен ол екеуін шақыртып алып, Қажыгелдин мен Бапиға қарсы мақала жазыңдар деп тапсырдым. Олар әрине қатырып тұрып жазды. Есіңде шығар, олардың жазғаны бірнеше газетте жария болды».

Иә, есімде! Қазір нақты қандай газеттер екені есімде жоқ, шамасы біреуі «Қазақ әдебиеті» болуы керек. Менің өз журналистерімді қалай «кидать» еткенім әлдекімге қызғылықты болса, Рахат Әлиевтің алдына жығылған екеу кім екенін білгісі келгендер болса, «Қазақ әдебиетінің» 1998-99 жылғы тігіндісін ақтарып шықсын. Ал олардың интернет-конференцияда қойып отырған сұрақтарына жауап беруге менің құлқым жоқ. Былшылға бөлер уақытым тапшы.

Айтпақшы, айта кетейін, ол жігіттерді мен бүгіндері де уақ-уақ кезіктіріп тұрамын. Амандасады. Мен де амандасамын. «Жағдайларың қалай, не тындырып жатырсыңдар?» деп, үлкендік ниетімді білдіріп тұрамын. Оларды жата жазғырып қайтейін, тәжікеге түсер жәйім жоқ, басқа да маңызды шаруаларым бастан асып жатыр. Оның үстіне небір қудалау мен қиянаттар қаумалаған замандар өтті ғой, азаматтар ағат кеткен сәт болған шығар деп, өзімді уантып қоямын. Менің осы жауабымды оқып, олар менен оңашада кешірім сұрайтын болса, болашақ мемуарда аты-жөндерін атамауға уәде етемін.

Сұрақ иелеріне тағы бір жәйтті ескерте кетейін: менің қасымда он бір жылдан бері тапжылмай жүрген Бақытгүл Мәкімбай сияқты қарындасым, бірнеше інішек әріптестерім бар. Мен «кидала» болсам, олар менің жаныма неге байланып қалды екен деп ойлаймын. Айтпақшы «Тасжарған» жабылғалы алты ай болды, бірақ тар жол, тайғақ кешуде жүрсем де, «Тасжарғанды» шығарысқан жігіттерді тастаған жоқпын: тиын-тебеннен кенде қалтырмауға тырысамын. Үйлі-баранды Кенже бауыр-күйеу жалдап  жүрген үйдің ақысы мен оның отбасының күн көрісі менің бір міндетім. Ал соңғы кезде жиі-жиі сырқаттанып жүрген Бақытгүл ашығып қалса маған сын.

Солай, қос бауырым, сендер де маған жат емессіңдер!...

 

(Соңы)

 

0 пікір