Сейсенбі, 16 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3102 0 пікір 19 Қазан, 2009 сағат 06:54

Әмірхан Меңдеке. «Татар халқының тілегі – тәуелсіздік»

11 қазан - татарлар үшiн қаралы күн. 1552 жылдың 11 қазанында Ресейдiң Қаһарлы Иваны Қазан хандығын құлатты. Тарихшылардың айтуынша, осы соғыста 0,5 миллионға жуық татар қырғын тапқан. «Орыстар қырғын тапқан татарлардың өлi денесiн Едiлге тастады. Татарлардың өлi денесiнiң ұлы өзендi жауып қалғаны соншалық, Едiлдiң бергi бетiнде жайылып жүрген жетiм лақ осы өлi денелердiң үстiмен Едiлдiң арғы бетiне оп-оңай-ақ өте алатын едi...» - деп жазды татар тарихшылары.

Ең сұмдығы, Қазан қаласын қорғаушы татарлардың бiрде-бiрi тiрi қалған жоқ. Ең соңғы шайқаста, яғни 11 қазан күнгi шайқаста орыс жауынгерлерi 6 мың татарды тұтқынға алды. Бiрақ, тұтқынға түскен 6 мың татардың бiрде-бiреуi орысқа мойынсұнған жоқ, олар бас­қыншылармен қарусыз, жалаңаш қолмен шайқасты: бетiне түкiрдi, шашын жұлды, iшiне тептi... Қаһарлы Иванның қанiшер жендеттерi 6 мың татарды (мұның iшiнде әйелдер мен балалар да аз емес-тi) түгел кескiлеп өлтiрдi. Сүйiмбикенiң, Қазан ханының әйелi, әйгiлi Сүйiмбике сұлудың «денеме кәпiрдiң қолы тимесiн...» деп биiк мұнарадан құлап өлетiн күнi де - осы күн, 11 қазан...

11 қазан күнi «Бүкiл татарлардың қоғамдық ұйымы», «Татар жастарының дүниежүзiлiк форумы», татар жастарының «Узебез» («Өзiмiз») қозғалысы Қазан қаласын қорғаушыларды еске алу мақсатымен орталық алаңға шықты. Олар «Мақсатыбыз - байсезлек!» («Мақсатымыз - тәуелсiздiк!»), «Азатлық!» («Азаттық!») деген ұрандар көтердi. 5 мыңдай адам жиналған бұл жиын тек татар тiлiнде өттi. Татар зиялылары өз ойларын ашық бiлдiрдi. Татар зиялыларының сөзiне сенсек, дәл қазiр Татарстанда «орыстандыру мен христиандандыру қатар жүрiп жатыр» екен. Соңғы он шақты жылдың iшiнде Татарстан мен Башқұртстанда 3000-ға жуық татар және башқұрт мектептерi жабылып, бұлар орыс мектебiне айналыпты. Татар және башқұрт тiлдерiнде шығып тұратын бiрнеше газет-журналдар жабылған. Радио мен телеарналарда орыс тiлiнде жүргiзiлетiн бағдарламалардың үлесi көбейiптi. «Бiз бұған төзе алмаймыз!» - дедi татар зиялылары, - Орыстандыру мен христиандандырудан бiз мейлiнше зардап шеккен халықпыз! Мұндай сорақылық пен қасiретке ендi қайтып жол бермеймiз!».

Түркi халықтарының iшiнде орыстандыру мен христиандандыруға ең бiрiншi ұрынған халық - татар халқы. Татар халқы орыстандыру мен христиандандырудың азабы мен зардабын өзге бауырларына қарағанда көбiрек тартты. Татарлардың арасында «Орыстан да бұрын орыстанған татардан сақтан!» дейтiн мәтел де бар. Кезiнде Ленин айтып кеткен жоқ па едi: «Өзге ұлттардың орыстанған өкiлдерi залымдығы жөнiнен орыстың залымдарынан да асып түседi» деп. Әрбiр орыстанған татар - татар халқы үшiн өте зиянды. Орыс жасамаған жамандықты татар халқына кезiнде орыстан­ған татарлар жасады. Орыс жасамаған опасыздықты татар халқына орыстанған татарлар жасады. Татар зиялыларының «Орыстандыру мен христиандандыруға ендi қайтып жол бермеймiз!» деуiнде осындай терең сыр жатыр.

Не керек, орталық алаңға жиналған татар зиялылары арнайы қаулы қабылдап, бұл қаулыны Ресейдiң президентi мен премьер-министрiне жөнелттi. Татарстанның Милли меджлисi (парламентi) 2008 жылы «бүкiл дүниежүзiнiң елдерiн

Татарстанның тәуелсiздiгiн мойындауға» шақырған-ды. «Содан берi бiздiң Милли меджлисiмiз Кремль тарапынан қуғындауға ұшырады. Мұны тоқтатыңыздар! Милли меджлис халықтың тiлегiн жеткiздi. Ал татар халқының тiлегi - Тәуелсiздiк!» деп атап көрсетiлген қаулыда.

Татар халқының қазiргi күресi - сөз жоқ, қасиеттi һәм әдiлеттi күрес. Ал қасиеттi күрестi қолдау керек. Естуiмiзше, татар халқының бұл күресiне Түркияның, Башқұртстанның, Өзбекстанның, Түркiменстанның кейбiр ұйымдары мен қозғалыстары қолдау бiлдiрiптi. Ал Қазақстан... тым-тырыс. Әрине, бұл қасиеттi күрестi қолдау Қазақстанның орыстанып кеткен билiгi мен орыстанып кеткен үкiметiнiң қаперiне де кiрмесi белгiлi. Бiрақ, бiзде де ұлттық қозғалыстар бар сияқты едi ғой...

«Жас Алаш», 15. 10. 2009

Мақала «Жас Алаш» газетінде «Орыстандыру мен христиандандыруға ендi қайтып жол бермеймiз!» деген тақырыппен жарық көрген

0 пікір