Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2935 0 пікір 5 Қазан, 2009 сағат 08:31

«Азаттық» радиосы әлемдік интернет-журналистикадағы ең беделді жүлдені жеңіп алды

Алматы. 5 қазан. ҚазТАГ – «Азаттық» радиосының қазақша Web-сайты «Online Journalism Awards» байқауының жеңімпазы атанып және әлемдік интернет-журналистикадағы ең беделді жүлдені жеңіп алды. «Азаттықтың» сайты «Ағылшын тілінде емес кіші web-сайт» категориясындағы ең үздік сайт деп танылды. «Online Journalism Awards» халықаралық байқаудың жүлдесі американың Сан-Франциско қаласында 3-шы қазанда табыс етілді.

«Ағылшын тілінде емес кіші web-сайт» категориясындағы ең үздік сайт жүлдесіне «Азаттық» радиосының сайтымен қатар италияндық «il Centro» және испандық «Lainformacion» web-сайттары таласқан.

«Азаттық» радиосының сайтының американдық «Online Journalism Awards» жүлдесін алуы бірінші сыйлық емес, орталық редакциясы Чехияның астанасы - Прагада орналасқан «Азаттық» радиосының ұжымы былтыр, 2008 жылдың қараша айында, қазақстандық AWARD.KZ ұлттық интернет байқауының жүлдесін жеңіп алған.

0 пікір