Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3584 0 пікір 2 Қазан, 2009 сағат 05:55

Венада Қазақстанның Аустриядағы экс-елшісін «ұрлау» ісі бойынша сот басталды

Алматы. 2 қазан. ҚазТАГ – Венада Қазақстанның Аустриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиевті және ҚР ҰҚК бұрынғы басшысы Әлнұр Мұсаевты «ұрлау» ісі бойынша алқа билердің қатысуымен сот тыңаулары басталды. Айыпты ретінде қазақстандық арнаулы қызметтердің агенті 61 жастағы Ильдар Ахметсафин қарастырылып отыр. Бірінші отырыс дүйсенбі күні, 28 қырқүйекте өтті.

«Азаттық» радиосы аустриялық «Остеррайх» газетіне сілтеме жасап хабарлағандай, И. Ахметсафин «сот амалының ең басында-ақ, өзінің кінәсін мойындамайтынын айтты». «Ешқандай ұрлау болмаған, бәрі жасанды түрде ұйымдастырылған», - деген оның сөзін басылым келтіріп отыр.

Газеттің ақпараты бойынша, Аустрия тергеуі И. Ахметсафиннің «Ә.Мұсаев пен Р.Әлиевтің Венадағы мекен-жайларын анықтауға тырысқан». «Бұл үшін ол Аустрия социалистік партиясының бұрынғы партиялық функционері Антон Гаалдың кеңесімен детектив жалдаған. Бұдан басқа, сотталушы бұл іске жергілікті полицейді де тартқан», - деп атап көрсетеді басылым.

«Кронен» газетінің ақпараты бойынша, «айыптаушы сот амалы барысында тергеу дайындаған графиктерді, фотосуреттер мен нобайларды көрсетіп, тергеліп жатқан И. Ахметсафиннің телефон әңгімелерін тыңдатқан. Құжаттарға сәйкес, ол ұрлаушылармен 500 рет телефон арқылы әңгімелескен».

Тергеу болжамына сәйкес, Ильдар Ахметсафин «қазақ тыңшыларының тобына өз үйінде туруға рұқсат берген».

Р. Әлиев пен Ә. Мұсаевтың ісі бойынша келесі сот тыңдауы 7 қазанда өтеді. Онда бұрынғы партиялық функционер Антон Гаалдан жауап алынады.

0 пікір